Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет139/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
369577-1

Қалайы арсенаты –Stanii arsenas. Суда нашар, сілтілерде жақыс ериді. Сақтауға төзімді «А» тізімі бойынша сақталады. Қойлардың мониезиоз, тизаниезиоз, авителлиноз және стиллезиоз ауруларында, тауықтардың аскаридозы мен цестодозында, үйректердің дрепанидотениозында өте жоғары емдік нәтижелік көрсетеді. Үйректер мен қаздардың гименолепидозында активтілігі онша емес. Ұсақ малдың мониезиоз, тизаниезиоз және автиллинозында препаратты ішке беріп қолданады. Мөлшері: 0,002-0,027 г/кг . Препарат берілгенге дейін жануарлар 16-18 сағат бойы азықтандырылмайды. Препаратты қолданғаннан кейін препаратты 2-3 сағат бойы аш диатада ұстап, соңынан жайлап азықтандыра бастайды. Препараттың уытты мөлшері, емдік мөлшерінен 8-12 есе жоғары.
Марганец арсенаты (мышьякті марганец) - Mongani arsenas Mn HASO4.Суда нашар, спиртте жақсы еритін, иіссіз, дәмсіз, қызғылт түсті ұсақ кристалды ұнтақ «Б» тізімі бойынша сақталады.
Қойлардың мониезиоз, тизаниезиоз, авителлинозында гельминттерге қарсы әсер етеді. Ішке бергендегі мөлшері: 1,5-3 айлық қозыларға -0,3 г; 3 айдан 6 айға дейінгі қозыларға -0,4 г; 6 айдан 12 айға дейінгі қозыларға -0,6 г; 1 жастан жоғары қойларға- 1,0 г. Арық нашар қойларға препараттың жарты мөлшері беріледі.Препарат қолданылған күні жануарларға онша көп жем-шөп берілмегені жөн. Дегельминтизация жасардан 10 сағат бұрын, ал жасағаннан кейін 12 сағат бойы жануарларға су берілмейді. Жоғарыда айтылған ауруларда сонымен бірге кальций арсенаты, қорғасын арсенаты мен арсениты қолданылады.
Нафтамон-Naphthamonum. Жасыл-сарғыш түсті, ащы дәмді, иіссіз, кристалды ұнтақ. Суда нашар (1:400), спиртте жақсы ериді. Препарат уытты емес. Қойлардың геманхозында малдың 1 кг тірілей салмағына 0,3-0,4 г, ал нематоздарында 0,5 г мөлшерінде ішке беріп қолданылады.
Құрттарға әсер ететін дәрілік заттар өте көп. Жоғарыда аталған препараттармен қатар фациолид, фазинекс, ивонек, панакур, диклакокс, сульфакцин, рамектин, альбендазол, авимек, айвен (1 % –инвермектин), ремектин және тағы басқа препараттарда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет