Папаверин гидрохлориді - Pараvегіnum һуdrосһIоridum. Изохинолиннің туындысы. Суда жәй, спиртте қиын еритін ақ түсті ұнтақ. Морфиннен айырмашылығы барлық жануарларға бірдей, орталық нерв жүйесіне емес, жадағай еттерге әсер етеді. Оларды, әсіресе сфинктерлердегі, босаңсытады. Бездердің секрециясы өзгермейді. Спазмолитикалық әсерінің салдарынан ауырсынуды басады, бірақ ол әсері морфиндікінен төмендеу.
Папаверинді ішектердің, қан тамырларының, бүйректердің жадағай еттерінің түйілуінде, бүйрек шаншуларында қолданады.
Омнопон -Omпоропиm .Опияның алкалоидтарының хлорлы сутекті тұздарының қоспалары. Құрамында 50 % морфин және 30-35 % басқа алкалоидтар бар. Суда жақсы еритін, қызғылт-қоңыр түсті ұнтақ. «А» тізімінде сақталады. Ұнтақ, таблетка, ерітінді түрлерінде шығарылады. Опияға қарағанда организмге тез сіңеді, жылдамырақ әсер етеді. Резорбты әсері морфиннің әсеріне ұқсас. Айырмашылығы: дем алуға, ішектердің жирылуына, бездердің секреция бөлуіне әсері әлсіздеу. Наркотикалық және қоздыру әсерлері де төмен. Үйреншіктік баяу, жәй дамиды.
Промедол - 3 rоР еdоiuР. Ащы дәмді, суда, спиртте еритін, ақ түсті ұнтақ. «А» тізімінде сақталады. Ұнтақ, таблетка және 1 %, 1 мл ампулада шығарылады. Әсері морфиннің әсеріндей, тек орталық нерв жүйесіндегі ауырсынғандықты қабылдайтын импульстың қызметін бәсеңдетеді, жергілікті ауырсынғандықты басуды жақсартады және ұйықтатады. Сфинктерлерді жирылтады, бірақ морфиннен әлсіздеу, улылығы да төмен, дем алу орталығын аз қажытады. Жатырдың жирылуын күшейтеді.
Но-шпа - Nоshра. Иісі жоқ, суда еритін, сарғыш түсті ұнтақ. Папавериннің қайтадан қалпына келтірілген түрі. Асқазан мен ішектер түйілгенде, ішектер бітелгенде, өт жолдарында тастардың түзілуінен болатын шаншуларда, холециститте, жатырдың түйілуінде қолданады. Буаз малдарға сақтықпен қолданады. Ауыз қуысы арқылы, еттің ішіне, венаға жіберуге болады. Таблеткада (0,04 г), ампулада (2 %, 2 мл) шығарылады.
Наркотикалық емес анальгетиктер. Бұл топқа жататын препараттар дене қызуын төмендетеді, қабынуларға қарсы және анальгетикалық әсер етеді. Негізгі өкілдері: салицил қышқылының туындылары - натрий
салицилаты, ацетилсалицил қышқылы, салициламид және т.б.; пиразол туындылары - антиприн, амидопирин, анальгин, бутадион және т.б.; парааминфенол (анилин) туындылары - фенацетин, парацетамол; басқа химиялық топтардың препараттарын - ибупрофен, ортофен және басқалары.
Бұл препараттардың наркотикалық анальгетиктерден айырмашылығы:
Анальгетикалық белсенділіктері белгілі бір ауырсынғандыққа ғана қарсы білінеді;
Әрбір топтағы препараттардың ден қызуын төмендететін әсері әртүрлі деңгейде болады; эйфория жоқ, психикалық және физикалық тәуелділік болмайды; дем алу және жөтелу орталықтарын қажытпайды.
Қызу басқыш дәрілік заттар - t° реттейді, уытты заттарға, бактерияларға қарсы әсер етіп, t°-ны көтеретін себептерді жояды. Препараттары. Фенацитин – Phenacetinum, парацетамол – paracetamolum, антипирин- antipyrinum, амиадопирин - amidopirinum, салицин қышқылы- acidum salicylicum, натрий салицилаты - Natrii saluylas, Ацетилсалицин қышқылы- Asidum acethylsalicylicum, метилсалицилат - Methylii salicylas