Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет17/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   143
Байланысты:
369577-1

Парааминофенол туындылары. Фенацетин. Ащылау дәмі бар, иісі жоқ, ақ түсті ұнтақ. Суда аздап қана, спиртте жақсы ериді. Көп уақыт сақтағанда одан сірке қышқылы бөлініп шығады. Көпшілігі бауырда жинақталады, одан гидроксифенетидин түзіледі. Ол гемоглобиннен метгемоглобин түзеді. Дене қызуын 5-6 сағатқа төмендетеді.
Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда, немесе дозасын арттырып жібергенде метгемоглобинемия дамиды; эритроциттер талқандалады, анемия пайда болады; дем алу, жүрек, қан тамырларының қызметтері бұзылады; бауыр мен бүйректер зақымданады.
Парацетомол – Pагасеtаmоlum. Иіссіз, ақшыл-қызғылт түсті ұнтақ. Суда еруі қиын, спиртте оңай ериді. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда қанта тез сіңеді, оның белоктарымен байланысады. Фенацетинге қарағанда организм сұйығында біркелкі тарайды. Бауырда парааминофенолта айналады, метгемоглобиннің түзілуіне қатысады, глюкурон қышқылымен қосылып зәр арқылы организмнен шығарылады.
Пиразол туындылары. Бұл топтаты препараттардың дене қызуын төмендететін, жансыздандыратын, қабынуларға қарсы әсер ететін, ревматизмді жазатын қасиеттері бар. Салицилаттардан басқа препараттары микробтарға да қарсы әсер етеді. Олар капиллярлардың қабырғасының өткізгіштігін нашарлату арқылы аллергия реакциясын болдырмайды. Тромбоциттердің агрегациясын азайту арқылы олардан серотониннің бөлінуін тежейді. Ұзақ уақыт қолданғанда қанда өзгерістер тудырады: тромбоцитопения, лейкопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, анемия. Организмде натрий иондары жинақталады, ісіктер пайда болады. Организмнен зәр арқылы бөлінеді, зәр қоңыр-сарғыш, немесе қызғылт түсті болады. Әсіресе амидопиринді қолданғанда.
Негізгі өкілдері: антипирин, анкофен, амидопирин, анальгин, бутадион.
Пиразолон — 3 yrasolohuР. Бесмүшелі гетероциклді, құрамында екі азот бар қосылыс. Дене қызуын төмендететін және анальгетикалық әсерлері фенацетиндікінен әлсіздеу, орталық және шеткергі нерв талшықтарының рецепторларын жансыздандырады.
Антипирин - Аntipyrinum . Иіссіз, түссіз, аздаған ащы дәмі бар, суда және спиртге еритін ақ түсті ұнтақ. Жылуды реттейді, қан тамырларының қызметтеріне әсер ететін орталықты қажытады. Жоғарғы температураны төмендетеді. Әсері 15-20 минуттан кейін басталып, 3-12 сағатқа созылады. Ұсақ малдарға әсері күштірек және ұзағырақ.
Жергілікті әсері: әуел бата тітіркендіреді де, артынан жансыздандырады. Осы әсеріне байланысты оның 3-10 %-ды ертіндісін қуықтың, жатырдың, ауыз қуысының, танаудың қабыну процесстерінде оларды жуу үшін қолданады. Паренхиматозды ағзаларда аққан қанды тоқтатуға болады. Иттердің ет, буын ревматизмдерінде, невралгияда, ішек шаншуларында әсері жақсы. Препараттың 10-50 %-ды ертіндісі жараларда жергілікті ауырсынғандықты басатын және бактериостатикалық дәрі ретінде қолданылады.
Амидопирин - Amidoperinum. Иіссіз, аздаған ащы дәмі бар, спиртте, суда еритін, әлсіз сарғыш түсті ұнтақ. Әсері антипириннің әсеріндей, бірақ одан күштірек. Ми мен жүрек қан тамырларының өзектерін кеңейтеді. Үлкен дозасы жиі қолданғанда күйіс қайыратын малдар мен мысықтардың қанында агранулоцитоз тудырады.
Анальгин - Analginum. Суда жақсы еритін ақ түсті ұнтақ. Көп тұрғанда сарғаяды, бірақ белсенділігін жоймайды. Ауырсынғандықты басатын, ревматизмге қарсы, аздап қызу төмендететін әсері бар. Ауыз қуысы арқылы, терінің астына, венаға енгізуге болады.
Ас қорыту жүйесінің шаншу құрбылысымен сипатталатын ауруларында, ревматизмде, түйілу процессінде, малдың іші кепкен жағдайда, ішек атониясында қолданғанның, нәтижесі жақсы. Әсіресе ащу процессіне қарсы қолданылатын препараттармен бірге қолдану тиімдірек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет