Салицил қышқылының туындылары. Салицил қышқылы 1839 жылы ашылған. 1873 жылта дейін талдың қабығынан алынып келді. Осы жылы Кольб оны фенолдан синтез арқылы алуға болатынын ашты. Міне осы күнге дейін осы әдіс қолданылып келе жатыр. Талдың қабығының қызуға қарсы әсері Диоскорид тұсынан белгілі.
Салицил препараттарының дене қызуын төмендететін, жансыздандыратын, микроорганизмдерді жоятын, ревматизмге қарсы әсерлері бар. Дене қызуын төмендету әсері организмде лихорадка кезінде жақсы білінеді. жәй дамиды, бірақ тұрақты. Қышқылдық ортада оның қосылыстары көмірқышқылымен реакцияласып, бос салицил қышқылы бөлінеді. Ол антитоксикалық, бактериостатикалық әсер етеді. Анальгетикалық әсері ревматизмде жақсы білінеді, ал тыныс алу жолдарының қабынуларында, невралгияда - аз; жарақаттарда, жадағай еттердің спазмаларында жоқ десе де болады.
Салицилаттардан организмде биотрансформация кезінде түзілетін метаболиттерінің әсері болмайды.
Олардың қабынуға қарсы әсерінің механизмі организмдегі биохимиялық өзгерістерге тікелей байланысты. Аз дозасының өзі ферменттерді белсендендіреді, зат алмасу процессін жақсартады, оттегінің сіңуі жоғарылайды, организмнің резистенттілігі артады. Қандағы холестериннің деңгейін төмендету арқылы, ондағы тотығу-тотықсыздану процессін жақсартады. Ревматизмге қарсы қолданғанда бүйрек үсті, қалқан бездерінің; гипофиздің функциялары жақсарады.
Организмде әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. Салицил қышқылы натрий тұзына айналады, ацетилсалицил қышқылы сірке қышқылын босатады. Мұндай өзгерістердің көбі бауырда жүреді. Барлық жағдайда да салицил қышқылының босағаны байқалады. Оның арты биотрансформациясына глицин және глюкорон қышқылдары қатысып, салицилуров қышқылы мен глюкоронидтер түзіледі. Салицилаттар белоктар мен көміртегінің бөлшектенуін үдету арқылы 8, Р, несеп қышқылдарының бөлінуін көбейтеді. Асқазан кілегей қабығының интерорецепторларын тітіркендіру арқылы оның сөлінің бөлінуін ұлғайтады, өт жақсы бөлінеді. Мұның бәрі ас қорыту жүйесінің қызметін жақсартады. Бос күйінде, немесе гликоколмен байланыста бүйрек арқылы, аздап сүтпен, термен және сілекеймен бөлінеді. Салицил қышқылының қосылыстары малдарға улы болып келеді. Үлкен дозасы бүйректерді қабындырады, іш өту, қан ату, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, рефлекторлы қозу процессі, малдың қозғалысының өзгеруі, бұлшық еттердің тығыздалуы т.б. өзгерістер айқын біліне бастайды.
Салицил қышқылы – Аcidum salicylicum. Иіссіз; аздаған ащы дәмі бар; суда, спиртте, эфирде, майда еритін; ақ түсті кристалды ұнтақ.
Жергілікті әсері жәй дамиды, бірақ нерв рецепторларын қатты тітіркендіреді. Ауыз қуысы арқылы бергенде асқазан, ішек сөлдері жақсы бөлінеді; тыныс алу жолы арқылы жібергенде түшкіріну, жөтел пайда болады. Мүйізденген эпителий торшаларының организмнен бөлінуін тездетеді, жаралардың грануляциясын жақсартады. Антитоксикалық, бактериостатикалық және бактериоцидтік әсерлері бар. Организмге сіңгеннен кейін сілтілік ортада оңай тұзға айналады, ал қышқылдық ортада бөлшектену арқылы жеке қышқыл бөлінеді. Мысалы: ревматизммен қабынған жерде көмір қышқылының мөлшері қалыпты жағдайдағы 6 %-дың орнына 17,5 %-та дейін көтеріледі. Ол салицилаттарды ары қарай ыдыратуға толық жеткілікті.
Бұзаулардың індетті тышқан ауруларында ауыз қуысы арқылы; тері ауруларында (экзема, ылталды жара) май, паста ретінде қолданады.
Натрий салицилаты -. Иіссіз, тәтілеу-тұзды дәмі бар, суда, спиртте еритін ақ түсті ұнтақ. Препараттың өзі белсенді емес. Қышқылдық ортада салицил қышқылы бөлінеді де, сол әсер етеді. Бұл реакция асқазанда жүреді, ішектерде қайта натрий салицилаты түзіліп, сол күйінде қанға сіңеді. Әсері сульфаниламид препараттарының әсеріндей. Бактериостатикалық және бактериоцидтік әсерлері ақ стрептоцидтің әсеріне ұқсас.
Жараларға ұнтақ ретінде, немесе 25 % -ды тұзды ерітіндісін қолданады. Гемолитикалық шокта 10 % - ды ерітіндісін венаға жібереді.