Ацетилсалицил қышқылы - Асidum acetylsalicylicum. Сірке қышқылының салицил эфирі. Ине тәрізді, аздаған қышқылдық дәмі бар, суда, спиртте, сілтілік ортада оңай еритін, ақ түсті кристалл. Жақсы қызу төмендететін, ревматизмге қарсы әсер ететін, анальгетикалық препарат. Жергілікті рецепторларды тітіркендіреді, сезімталдығын төмендетеді. Асқазанда өзгермейді, ал ішектерде сірке және салицил қышқылдарына ыдырайды. Қабынуға қарсы әсері гиалуронидаза ферментінің белсенділігі жоғары болғанда жақсы білінеді. Салициламид препаратының әсерлері де осыған ұқсас.
Метилсалицилат - Меtуlіі salicylas. Өткір ароматты иісі бар, суда ерімейтін, спирт пен майда жақсы араласатын, сарғыш түсті ерітінді.
Хлороформ, мусәтір спирті, белена майы құрамында линимент ретінде буын ревматизмінде қолданады. Ет ревматизмін емдеу ушін еттің ішіне, немес терінің астына жібереді
Фенилсалицилат (салол) - Salolum. Салицил қышқылы мен фенолдың эфирі. Ақ түсті ұнтақ, суда ерімейді. Сілтілік ерітінділерде, хлороформда, эфирде, спиртте ериді. Асқазанда өзгермейді, ал ішекте одан фенолдар мен натрий салицилаты түзіледі де, микроорганизмдерге қарсы әсері іске қосылады. Ауыз қуысы арқылы ішектерді, зәр шығаратын жолдарды залалсыздандыру үшін қолданады. Мысықтар фенолға өте сезімтал келетіндіктен, препаратты оларға тағайындамайды.
Антипиретиктер ретінде трибузон, ибупрофен, вольтарен, напроксен, индометацин, мефенам қышқылы да қолданылады. Бұл препараттардың ветеринария саласындағы болашақтары зор. Оларды жете зерттеу алда тұрған келелі мәселе.
Қалшылдап – дірілдеуге қарсы қолданылатын дәрілік заттар. Кейбір ауруларда малдардың бұлшық еттерінің тонусы жоғарылап, олардың қылшылдап-дірілдеуі байқалады. Оны басу үшін орталық нерв жүйесін қажытатын препараттарды қолдануға болады, бірақ олар басқа ағзалар мен жүйелерге де әсер етеді. Сондықтан бұл мақсатқа арнайы, талғамды әсер ететін препараттарды қолданған жөн. Ондай препараттардың қатарына жататындар. Дифенин, гексамидин, бензонал және триметин.
Бұл препараттардың әсерлерінің механизмдері әртүрлі болғанымен, бәрінің негізінде бас мидың белгілі аймақтарындағы синапстардан қозу процесінің берілуінің тежелуі жатыр.
Препараттар ақ түсті кристалды ұнтақ, суда, спиртте нашар ериді, жарықтың әсерінен бүлінеді. Ас қорыту жүйесінің жолдары арқылы жақсы сіңеді, биотрансформасының бауырда жүреді, бүйректер арқылы бөлінеді. Ұзақ уақыт қолданғанда үйреншіктік болуы мүмкін.
Дифенин –Dipheninum Дифенилигидантоин мен натрий гидрокарбонатының қосындысы. Нерв торшаларында натрий иондарының бөлінуін іске асырады. Соның салдарынан нейрондардың қозуы төмендейді және ол қозу орталық нерв жүйесіне бармайды. Қалшылдап-дірілдеудің барлық түрлерінде әсер етеді. Малды азықтандырғаннан кейін ауыз қуысы арқылы береді.Жағымсыз әсерлері: лоқсу, құсу, дем алудың қиындауы,атаксия құрбылысы болуы мүмкін. Бауырдың, бүйректердің, жүректің ауруларында; арықтаған малға қолдануға болмайды. Гексамидин, бензонал, триметиндердің де әсерлері дифениндікіндей.
Алкоголдер - спирт -Sniritus aethylicus ауырсыну.
Сезімділігін әлсіретіп, ашу құбылыстарына қарсы және антисепртикалық зат ретінде оны қарын кеуіп кеңігенде, сіреспе шаншулар кезінде, ішектердің атониясында, сонымен қатар ауырсыну сезілділігін әлсірететін зат ретінде мидың қабынуында сіреспе жөтелдерде және иттің оба аурулары кезінде қолданады.
Анальгетикалық заттар – аналгезия ауырсыну сезімділігін жою. Барлық қабынуға қарсы қолданатын заттар мен тітіркендіргіштерді бейтараптандыратын аналгетикалық заттар. Препараттары: лиффингидрохлорид, кодеин фосфат, эстации, панаверин, апиын, олтанол, промедол. Бұл препараттар – ауырсыну сезімділігін жалпы әлсіретумен бірге, жергілікті жердің де ауырсыну сезімділігін әлсіретеді.
Алкоголдер - спирт -Sniritus aethylicus ауырсыну сезімділігін әлсіретіп, ашу құбылыстарына қарсы және антисепртикалық зат ретінде оны қарын кеуіп кеңігенде, сіреспе шаншулар кезінде, ішектердің атониясында, сонымен қатар ауырсыну сезілділігін әлсірететін зат ретінде мидың қабынуында сіреспе жөтелдерде және иттің оба аурулары кезінде қолданады.
Алкоголь препараттарының атаулары гидроксил тобындағы радикалдарға байланысты болады (этил-этилді, метил-метилді ж.т.б.), ал көп атомды спирттердің атаулары моносахаридтерге байланысты (манноза-маннит, ксилоза-ксилит).Халықаралық номенкулатура бойынша спирттердің аталулары, оның құрамына кіретін көмірсутекке «ол» деген жалғау арқылы айтылады (этанол, метанол, маннитол), глюкоза мен галактозаға сәйкес келетін алты атомды спирттерді осы уақытқа дейін сорбит, дульцит деп те атайды.Спирттердің ішінде фармакологиядағы ең маңыздысы этил спирті болып табылады.