Дәріс №7 Анальгетикалық заттар, қызу басқыш дәрілер, алькоголдер.
1 Анальгетикалық заттар
Анальгетикалық заттар – аналгезия ауырсыну сезімділігін жою. Барлық қабынуға қарсы қолданатын заттар мен тітіркендіргіштерді бейтараптандыратын аналгетикалық заттар. Препараттары: лиффингидрохлорид, кодеин фосфат, эстацин, папаверин гидрохлориді, апиын, этанол, промедол. Бұл препараттар – ауырсыну сезімділігін жалпы әлсіретумен бірге, жергілікті жердің де ауырсыну сезімділігін әлсіретеді. Морфин гидрохлориді Morphinum hydrochloridum. Ақ түсті кристаллды ұнтақ. Суда ериді, ал спиртте еруі қиындау. Қандай жолмен жібергенде де организмге оңай сіңеді; зәр, нәжіс арқылы бөлінеді. Морфиннің фармакодинамикасы қүрделі: дем алу орталығының инспираторлық орталығын қажытады, дем алысты реттеу процессі бұзылады, жадағай еттерді босаңсытады, сфинктерлерде түйілу пайда болады.
Ауырсыну орталықтарының және шеткергі сезімтал нерв талшықтарының қозуын әлсіретеді, ауырсынуды басады.
Көп жағдайда морфиннің әсері оның организмде түзілетін опия тәрізді пептидтер — опиондтармен және эндогенді пептидтер - лигандалармен өзара реакцияласуына тікелей байланысты.
Опиондтар мал организмінде нерв және эндокрин жүйелерінің әсерлерін реттеуге белсенді түрде қатысады.
Лигандата жататындар:
Энкофалиндер - нейротрансмиттер мен паракринді белсенді агенттердің функцияларын орындайды;
Эндофиндер - паракринді агенттер мен гормондардың ролін атқарады;
3. Экзорфиндер — азықтан қорытылатын заттар.
Морфиннің жануарлардың түрлеріне байланысты әсерлері де әртүрлі болып келеді.
Иттерге әсері ерекше: аз дозасы (0,003-0,008 г) жирылуды бәсендетеді, ауырсынғандықты басады, құрсу байқалады. 0,02-0,05 г дозасы - жирылу процессін тоқтатады, ауырсынғандық кенет төмендейді, иттер ұйқыға бейімделеді. 0,1 г дозасында ұйықтайды, дем алысы әлсірейді. Ал терінің астына 0,15- 0,6 г жібергенде өледі.
Жылқыларда жирылу процессі ақырындайды, дем алысы сирек, қорқыныш реакциясы білінеді. Шаншу құбылысы бар ауруларда мал кенеттен тынышталады.
Ірі қара малында 0,2 г - орташа, 1,0 г - күшті қозу процессін тудырады. Қойларда қозу процессімен қатар жалақ пайда болады. Мысықтарда қозу процессі айқын білінеді. Олардың көру, есту, иіс сезу процесстері жоғарылайды. Тынышсызданады, жиі қозғалады, жыртқыштық инстинкт пайда болады. Керісінше сезімталдығы әлсірейді, жирылу бәсендейді. Морфиннің әсерінен болатын ұйқы наркотиктердің, ұйықтататын препараттардың ұйқыларынан ерекше. Мұнда орталық нерв жүйесінің қажуымен қатар, сезім ағзаларының орталықтарының қозуы, рефлекстердің жоғарылауы байқалады. Егер дәріні жібергенге дейін мал тынышсыз болса, онда препаратты бергеннен кейін ұйқы жайбарақат және терең болады. Ал қалыпты жағдайда тынышталмайды. Ақырын естілген дыбыс, тіпті иттің жүніне тиіп кету оны оятып жібереді, бірақ тез қайта ұйқыға кетеді. Ұйқының ұзақтығы 2-3 сағатқа созылады. Дозасын ұлғайтқанда терең ұйқы наркозға ауысады, дем алыстың тоқтауынан мал өліп кетуі мүмкін.
Морфиннің ас қорыту жүйесіне әсері ерекше, күрделі. Кейбір ауруларына тиімді, ал кейбіреулеріне тиімсіз. Ішектерде жирылу процессі бәсеңдеп, тоқталуы салдарынан олардың ас қалдығымен бітеліп қалуы мүмкін, ал үлкен дозасы жирылу процессін күшейтеді, онда іш өтеді, кейде тіпті қан аралас болуы да мүмкін. Ас қорыту жүйесінің бездерінің секрециясы аз және орташа дозаларында бәсеңдейді, ал үлкен дозасында, керісінше, үдейді. Бұл өзгерістерді морфиннің сезімтал нерв рецепторларын қажытуы мен организмде адреналиннің көп түзілуімен түсіндіруге болады. Мұндай өзгерістер күйіс қайыратын малдар мен жылқылардың өмірлеріне қауіпті. Жирылудың күшеюі сфинктерлердің түйілуімен қатар болғанда асқазанның, тоқ ішектің, соқыр ішектің, қуықтың жарылып кетуі мүмкін. Морфиннің әсерінен өкпеде газдың алмасуының бұзылуы салдарынан жалпы зат алмасу процессі нашарлайды. Көбінесе көміртегінің алмасуы бұзылады, бауырда гликогеннің ыдырауы үдейді, лезде қант анықталады. Бөртпе, қышыну байқалады.
Морфинді ұзақ уақыт қолданғанда оның организмде тотығуының үдеуі салдарынан оған үйреншіктік пайда болады. Ондай жағдайда препараттың үлкен дозасы организмге әсер етпейді. Уланғанда малдың өлімі дем алу орталығының салдануынан болады. Иттер терең ұйқыдан оянбаулары да мүмкін. Антогонист ретінде налорфин (анторфин) қолданады. Шөп қоректілерге ас қорыту жүйесінің ауруларында морфиннің орнына опия препараттарын қолданған дұрыс. Олар сфинктерлердің түйілуін тудырмайды.
Арықтаған және кәрі малдарға, малдардың ас қорыту жолы ас қалдығына толы болған жағдайда, өкпе қабынуларында және улануларда морфинді қолдануға болмайды.
Таза кодеин және кодеин фосфаты. Бұл препараттардың әсерлері бірдей, тек кодеин фосфаты суда жақсы еритіндіктен тез сіңеді, улылығы төмен. Организмнен өзгермеген түрде бүйректермен бөлінеді. Әртүрлі малдарға әсері морфиннің әсеріндей.
Фармакодинамикасындағы айырмашылығы анальгетикалық, дем алу орталығын қажыту әсерлері әлсіздеу, жөтел орталығын қажытуы күштірек.
Ұсақ малдардың ауыр жөтелдерінде, плевра мен бронхыларының қабынуларында ауыз қуысы арқылы қолданады.
Гидрокодон фосфаты - «А» тізімінде, жөтелге қарсы кодеиннен де күштірек әсер етеді, бірақ улылығы да жоғары, дозасы 3-4 есе аз.
Достарыңызбен бөлісу: |