Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Нораадреналин битартраты (норадреналин гидротартраты) –



бет34/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143
Байланысты:
369577-1

Нораадреналин битартраты (норадреналин гидротартраты) –
Noradrenalini hydrotartras. Ақ немесе сұрлау түсті кристалды ұнтақ иссіз, суда ериді, сақтықпен «Б» тоізімі бойынша сақталады. Норадреналин молекуласының адреналиннен өзгешелігі тек азоттың метил тобының жоқтығына ғана байланысты. Ағзаға негізінен адренорецепторлар арқылы әсер етеді. Норадреналин туғызатын организімдегі өзгерістер адреналин туғызатын өзгерістерге өте ұқсас, бірақ қан тамырларын тарылтқыш әсері күштірек, ал бронхы және бұлшық еттердің босаңсуы әлсіздеу.
Мезатон – Mezatonum. Суда жақсы еритін ақ түсті кристалды ұнтақ. Ерітінділері ыстыққа төзімді, қа»йнату арқылы тазартылады. Бөлме температурасында бірнеше күн сақтауға болады.Адреналин сияқты қан тамырларын тарылтып әсер етеді, бірақ әлсіздеу және ұзақ әсер етеді. Препарат өте төзімді, ішкізілгенде де белсенділігін сақтайды.
Кілегейлі қабықтардың қан тамырларын тарылту үшін 0,2-0,5%- дық ерітінді түрінде, жергілікті жерді жансыздандырғыш заттардың бойға таралуын баяулату үшін (жергілікті жансыздандырғыш ерітіндінің 10мл-не 0,003 – 0,005 г) және қан қысымын жоғарлату үшін қолданылады.
Эфедрин – қылшалардың алуан түрлерінен өндірілеті алколоид, синтетикалық әдіспен де алынады. Химиялық тұрғыдан ол1-1-фенил -2-метиламинпропонол -1 гидрохлориді. Эфедрин гидрохлориді – Ephedrini hydrochkloidum олданылады.
Ол түссіз кристалды немесғе иіссіз, ақ кристалды ұнтақ, судың 25 немесе спирттің 14 бөлігінде ериді, сақтықпен «Б» тізімі бойынша сақтайды. Бейтарап реакцияның судағы ерітінділері жарыққа қайнатқанға төзімді.
Эфедринді қан айналымы жіті бұзылғанда (қан кеткенде, жарақатта), қан қысымы төмендегенде (жұқпалы аурулар), есекжемде, қан сырасуы ауруында, бронхо бұлшық еттерінің түйілуінде, жүрек - қан тамырлары жүйесінің тонусын арттыру үшін қолданады. Эфедриннің әсер етуіндегі өте маңызды сәт- функциялық күй өзгергеннен кейін теріс реакцияның жоқтығы. Мысалы, эфедрин тарылтқан қан тамырлары бастапқы күйінен көп кеңеймейді, көтерілген қан қысымы бойынша тарылуға бейімделмей теңеледі. Эфедриннің адреналинге қарағанда уыттылығы аз, бірақ улану ұзағырақ өтеді. Уыттылық әсерін барбитураттар едәуір азайтады.
Кейде осы бағыттарда фетанолды, нафтизинді, галазолинді, изадринді, фенотеролды да пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет