Подофиллин-Podophyllinum.Подофиллин тектес іш өткішгіш заттар. Зерек тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тамырсабағынан өндірілетін шайыр. Жас тамырларында подофиллин болмайды. Ол юұл тамырларды құрғақ кезінде сақтағанда түзіледі. Оны 3-4 жыл сақтағанда подофиллиннің мөлшері 86% жуық көбейеді.
Сары түсті аморфты ұнтақ немесе дәмі жағымсыз , ащы, морт сынғыш аморфты, сарғыш немесе бурыл сұрғылт түсті зат спирттің 10 бөлігінде ериді,суда еримейді. Химиялық тұрғыдан подофиллин гликозидтер түріндегі шайыр тәрізді заттардың қоспасы болып табылады. Оның әсер ету механизмі асқорыту жолының сезімтал жүйке ұштарын,асқазаннан бастап тоқ ішекке дейін тітіркендіруі болып табылады.Алайда тоқ ішектің тітіркенуі аш ішектен қарынға қарағанда күштірек болады.
Тітіркендіру әсерінің күші жөнінен подпфиллин басқа өсімдіктердің препараттарынан асып түседі. Ол күрт іш өткізетін заттарга жатады.Төменгі мөлшерде қолданғанда баяу әсер етеді және ішекті тек 16 сағаттан кейін ғана босатады. Іш өткізгіштік әсер көбінесе ауырсыну белгісін туындатуы мүмкін. Қи массасында кілегей болады,ал кейде өт пигменттерінің мөлшері де көп болады,мұның өзі подофиллиннің өт айдағыш зат деп есептелуіне негіз береді. Аз мөлшерде қолданылған подофиллинді ішек толық бөліп шыгарады,көп мөлшерде қолданылғанда сонымен бірге бүйректерде бөліп шыгарады.
Подофиллинді аш ішектің де,тоқ ішектің де функциялары бұзылуына бірге бүйректерде бөліп щығарады.
Фенолфталеин-Phenolphthaleinum.Фенол мен фтал ангидриді онденсациясының өнімі. Ақ, майда кристалды ұнтақ,иісі және дәмі болмайды,суда ерімейді,спирттің 12 бөлігінде ериді. Медициналық практика үшін пурген (Purgenum) деген атпен 0,1-ден таблеткадағы дәрі түрінде шығарылады.
Асқазанға әсер етпейді,бірақ әшекте сілтінің және өттің әсерімен ериді,сөйтіп тітіркендіргіш әсер етеді. Ол өте нашар сіңіріледі,сондықтан ішекпен жылжуына қарай оның концентрациясы барған сайын жоғарылай түседі,осыдан келіп, іш өткізгіштік әсері күшейеді. Тоқ ішекке ол аш ішектен гөрі 5-10 есе күштірек әсер етеді. Сіңірілген фенолфталеин несеппен және ішінара өтпен бірге бөлініп шығады. Ішекте өтпен бөлінген фенолфталеин ішекті қайтадан тітіркендіреді,сондықтан оның іш өткізгіштік әсері 3-5 күнге созылады. Фенолфталеинді ит пен мысыққа қолданады, шөпқоректі жануарларга оның әсері айтарлықтай болмайды.