Сабурдың іш өткізгіштік әсері. Сабур тұзды іш өткізгіштік дәрілер нәтиже бермеген кезде тоқ ішекте іш өткізгіштік әсер етеді. Кілегейлі қабықты күшті тітіркендіреді , соның нәтижесінде іш өткізгіштік әсер әрқашанда ұзаұ болады (8-24 сағат). Тоқ ішектің күшті тітіркенуі құрсақ қуысында орналасқан мүшелерге қанның рефлекторлы түрде көп ққйылуын туындатады , осыган байланысты жатырдың қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуы және іш тастауы мүмкін. Сабурды буаздықтың екінші жартысынды , сондай-ақ асқазан –ішек жолының қабынуында жануарларға қолдануға болмайды. Препаратты әрі кеткенде 3-5 күннен кейін қайталап қолдануга болады.
Сабурды әдетте сабурдың ұнтағымен немесе жасыл сабынмен әзірленген болюстер түрінде қолданады. Кейде оны ботқа түрінде немесе басқа өсімдіктермен немесе тұзды іш өткізгіштіктермен қосып қолданады. Сабурдың әсерін жеңілдету үшін жануарларға суды көп ішкізеді. Ірі қара малға кейде сабурдың сабынмен қосылған ерітіндісін немесе болюстер түріндегі іш өткізгіш заттармен қосып береді.
Сабур өте ықшамды іш өткізгіш препарат, емдік мөлшері ірі жануарлар үшін шағын көлемде қолданылады(тауық жұмыртқасының шамасындай ). Дәріні беру өте оңай, ешқандай құрал-жабдықтың кқажеттілігі болмайды. Сабурдың жіті гастриттер мен эетериттерде , жүрек қызметі әлсірегенде және жануарлардың буаз кезеңінде қолдануға болмайды. Сауын малда сабурды қабылдаганнан кейін ащы дәм татып кетеді.
Сабурдың құрғақ сығындысы(сухой экстракт сабуры)-(Extr.Aloe siccum)-ащы дәмді сарғыш бурыл үнтақ. Суда ериді.Сабур қолданылатын ауруларда қолдану ұсынылады. Мөлшері шамамен 2 есе төмен.
Жолақ сабур сығындысы (экстракт полосатого сабуры)-Extractum Aloe striativae-қою сығындысы ,қара бурыл түсті, дәмі ащы, жасыл алоэнің жапырақтарын сығымдау арқылы алады. Ішкізілетін мөлшері тұндырмадан біраз көптеу.
Сабур тұнбашасы(настойка сабуры)-Tinctura Aloes-дәмі өте ащы, жасыл-бурыл түсті мөлдір сұйық. Спиртте дайындалады(1:5).Жаралардың жазылуын жылдамдату үшін және ашқылтым зат ретінде ,сирек жағдайда іш өткізгіш дәрі ретінде қолданылады.
Халықтық медицина мен ветеринарияда сабурдың жапырағын және оның шырынын күйікте, ұзақ жазылатын жараларда , ойық жараларда, тері ауруларында ,сондай-ақ туберкулезде, безгекте және басқа бірқатар ауруларда пайданалады. Академик В.П.Филатов сабурды арнаулы түрде дайындалған боигендік қуаттандырғыш дәрі ретінде тері астына енгізуд ұсынады.