Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет50/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143
Байланысты:
369577-1

Спазмолитикалық заттар
Спазмолитикалық заттар бірыңғай салалы бұлшық еттерді, әсіресе қан тамырларының , ішектердің және жатырдың бұлшық еттерін босаңсытады. Жоғарыда аталып өткендей қан тамырлары бромидтердің, нейролектикалық заттардың, ганглиоблокираторлардың, сонымен бірге адренолитикалық заттардың әсерінен босаңсып, кеңейеді. Бұл препараттардан басқа осылар тәрізді белгілі бір жағдайларда кофейн, камфора, ацетилхолин және басқада препараттар әсер етеді. Ас қорыту жүйесінің бұлшық еттерін морфин,атропин,адреналин және басқа да препараттармен босаңсытуға болады.
Өте белсенді түрде әсер ететін спазмолитикалық препараттарға – азот қышқылы эфирлер мен нитриттер жатады. Аз мөлшерде қолданғанда бұл топтың заттары бастың,мидың,жүректің және кеуденің жоғарғы бөлігінің қан тамырларын кеңейтеді. Мұндай әсерлердің вена тамырының спазмаларында сіреспеде, сондай-ақ адреналинді заттармен улануда үлкен емдік мәні бар. Аталған қан тамырларының кеңеюі қан кысымын айтарлықтай төмендетпейді, қанның ауысымдылығын жақсартады. Аз мөлшерде қолданғанда жүректің қызметі біраз күшейеді де, қан қысымы бір қалыпты деңгейге келеді. Көп мөлшерде қолданудан организмнің барлық қан тамырлары дерлік төмендетеді. Мұның өзі қан қысымын едәуір төмендетеді. Мұндай әсер малға жағымсыз әсер етеді және оның өліп кетуіне ықтимал.
Нитриттер мен олардың эфирлері қанға тускеннен кейін гемаглобинмен әрекеттесіп, оның метгемаглобинге айналдырады. Метгемаглобиннің болмашы мөлшерде түзілуі қанның физиологиялық қызметіне елеулі әсерін тигізбейді, бірақ оның одан әрі жоғарлауы қанға кері әсер етеді, ал мөлшері 50-60 %-ға жеткенде жануардың өліп кетуі мүмкін.
Азот қышқылды эфирлер мен нитриттер қан тамырлары мен ми тамырларының түйілуіне және бронхылардың , ішектің бірыңғай салалы бұлшық еттерінің түйілуінде қолданылады.
Бұл топтағы дәрілердің цианидтермен уланған да, у қайтарғыш ретінде зор мәні бар. Бұл синил қышқылының гемоглобинмен әсерлескенде уытсыз қосылыс-цианметгемоглабин түзетініне негізделген.Бұл жағдайда циан уытсыз роданды қосылыстарға оңай ауысады.
Бұл топтағы препараттарға амилнитрит, натрий нитриті және нитроглицерин жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет