Бақылау сұрақтары:
1 Жүрек гликозидтері.
2Спазмолитикалық заттар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014
2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №14 Қанға әсер етуші заттар
1 Қан ұюын жылдамдататын және баяулататын заттар
2Қан алмастырғыштар
Қанның көптеген ауруларында оның ұю процессі жиі бұзылады. Ол қалыптағыдан гөрі баяуырақ немесе тезірек ұюы мүмкін. Мұның екеуіде заттардың алмасуына және ішкі мүшелердің функциялық қызметіне жағымсыз әсер етеді. Осыған байланысты дәрілік практикада ұю құбылысын жеделдететін немесе баяулататын заттар пайдаланылады. Алғашқылары коагулянттар, ал екіншілері антикоагуляттар деп аталады.
Коагулянттар. Қанның ұюы (коагуляциясы лат. Coagylatio-ұю) көбінесе К витаминінің, тромбоциттердің жетіспеушілігінде, мөлшері азайғанда,протромбин, фибриноген, синтезінің бұзылуында, тромбокиназа мөлшерінің тапшылығында , кальций тұздарының азаюына байланысты ауруларда баяулайды. Сонымен бірге көптеген улануларда(жылан уы, пептон және басқалар) қанның ұюы әлсірейтіні байқалады. Мұндай ауруларда емдеу ең алдымен осы құбылысты туғызған себептерді жоюға бағытталуға тиіс. Қан тоқтататын дәрілер ретінде көбінесе плазманы, гемостатикалық кеуекті, аскорьин қышқылын, Р витаминін, рутинді, стиптицинді, йодты, мыс, темір және мырыш сульфаттарын, желатинді, қалақайды, мың жпырақты, биопластикті, арника гүлін, синтетикалық андроксон препараттарын және басқаларды қолданады.
Коагулянттар ретінде ұсынылатын препараттардың ішінен тромбинді- Thrombinum қолданады. Бұл қанның табиғи ферменті. Ампулаға құйылған стерилдік ұнтақ түрінде шығарылады. Хлорлы натридің изотоникалық ерітіндісінде қолданады. Тромбин кез-келген жерде,оның ішінде паренхиматозды мүшелерде ,ұзаққан ағуды тез тоқтатады. Тек бір жерге қолданғанда ғана белсенді.
Достарыңызбен бөлісу: |