Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет48/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143
Байланысты:
369577-1

Гитален- Gitalenum. Оймақ гүл жапырақтарын суға қайнату арқылы алынады, ол балластық заттар мен сапониндерден тазартылған. Препаратты спиртпен (20%)сақтайды. Түссіз немесе аздап сарғыш түсті мөлдір сұйықтық,өзіне тән әлсіз иісі мен ащы дәмі бар. 1мл препаратта 5БӘБ болуға тиіс. Кумуляциялық әсері болмайды, ұлпаларды тітіркендірмейді. Ішкізгенде шипалылығы төмен, сондықтан инъекция түрінде қолдпну тиімді."Б" тізімі бойынша сақталады.
Жүрек препараттары. Кордигит- Cordigitum. Оймақгүл жапырақтарынан жасалынатын құрғақ экстракт. Сары түсті борпылдақ ұнтақ,суда толық еримейді,спиртте жаксы ериді.Таблетка түрінде шығарылады. Жүректің созылмалы ауруларын емдеу үшін төменгі мөлшерлерде қолданылады. Жоғары дозаларында уытты әсер етеді. Кордагитке дигитоксин,гитоксин,дигинорм,кордигид,дигаленнео және басқалар ұқсас әсер етеді.
Жалынгүл жапырағы(трава горицвета)- Herba Adonidis Vernalis.Жалынгүлдің жоғарғы бөліктерінен (бұтағы,гүлі,жапырағы) жасалынады. Негізгі әсер ететіндері- цимарен және адонитоксин гликозидтері. Екі гликозидте бір-біріне ұқсаса әсер етеді және әсері жөнінен гитоксин ге жақын. Жүректің систолалық жиырылуы мен диастолалық босаңсуын күшейтеді. Сонымен бірге қан тамырларын тарылтып қанның қысымын арттырадыда қан айналуды жақсартады. Оймақгүлден айырмашылығы жалынгүл организмде тез ыдырайды, сол себепті кумулятивті әсері болмайды.
Адонизид- Adonisidum.Әртүрлі балласты заттар мен сапониндерден тазартылған жалынгүл жапырағының сулы сығындысы. Өзіне тән иісі,ащы дәмі бар, сарғыш түсті сұйық зат. Консервациялау үшін спирт қосылады(20%).Жарықтан таса жерде "Б" тізімі бойынша сақталады. Ішке беріледі және бұлшық етке егіледі.
Інжугүл жапырағы (трава ландыша)- Herba Convallariae majalis. Көп жылдық шөптесін өсімдік інжугүлдің құрғатылған жапырақтары. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне о»мақгүл препараттары тәрізді әсер етеді, бірақ оларға қарағанда әсері әлсіздеу келеді. Жүректің невроздарында және әлсіреуінде қолданылады. Негізгі әсер ететін глткозидтері- конвалятоксин мен конвалязид. "Б" тізімі бойынша сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет