Інжугүлдің құрғақ экстрактісі(экстракт ландыша сухой) –Extractum Convallariae siccum. Суда жақсы еритін борпылдақ ұнтақ. "Б" тізімі бойынша сақталады.
Інжугүлдің тұнбашасы(настойка ландыша)-Tincturoe Convallariae.Інжугүлдің гүлдері мен жапырақтарын 70% спиртпен тұндыру арқылы алынатын қызғылт түсті ,ащы дәмі бар сұйық зат "Б" тізімі бойынша сақталады.
Коргликон-Corgluconum. Інжугүлдің жапырағынан дайындалған гликозидті препарат. Эфирде ерімейтін, суда нашар,спирт пен ацетонда жаксы еритін ақшыл-сарғыш түсті ұнтақ. Ерітінді түрінде ампулаларда 1 мл-ден шығарылады. Ерітіндінің 1 мл-ден 11-16 ЕӘБ бар. Жарықтан таса жерде"Б" тізімі бойынша сақталады.
Препараттың әсері кордигид пен адонизидкеқұсас,бірақ оларға қарағанда жылдам әсер етеді, ал нәтижелігі жөнінен строфантинге жақын. Әр түрлі миокардиттерде, қан айналу нашарлағанда қолданылады. Препаратты дұрыс екпегенде жүрек тоұтап қалуы мүмкін. Сол себепті оны әлсіз концентрацияларда 1:10-20 егеді. Еріткіш ретінде глюкозаның 40% ерітіндісі немесе хлорлы натридің изотониялық ерітінділері қолданылады.
Конваллятоксин - Convallatoxinum.Мамыр інжугүлінің кристалды гликозиді.Суда нашар , спиртте жаксы ериді. Препараттың 1 грамында 75000 ЕӘБ бар. Организмде тез ыдырап,бүлінеді. Әсері строфанинге ұқсас. Иттерге 0,0001-0,0002 г препаратты әлсіз концентрацияда (0,01%) баяулатып егеді.
Строфантин – Strophanthinum.Шығыс Африкада өсетін көпжылдық строфант өсімдігінің дәнінен жасалады. Дәннің 1 грамында 2000ЕӘБ бар,ал 1,0 г таза строфантинде 50000 ЕӘБ бар. Строфантин жүректің еттеріне және кезеген жүйкенің жүректе аяқталатын тармақтарына әсер етеді. Алғашқыда строфантин жүректің жиырылуын жылдамдатады,ырғағын төмендетіп, қанның қысымын арттырады.
Строфантиннің әсері оймақгүлдің әсеріне ұқсас, бірақ оған қарағанда жылдам әрі тез басталады. Оймақгүлге қарағанда строфантин препараттары жүректің жиырылуын көп арттырады, бірақ оның өткізгіштігіне №әне кезеген жүйкеге әлсіз әсер етеді, әсері қысқы болады және кумуляцияланбайды.
Строфанттың прапараттары жылдам әрі тез әсер алу үшін қолданылады. Жүректің жұмысы нашарлап, малдың өміріне қауіп төнгенде, жүректің бірден әлсіреуінде, талықсуда, жұқпалы ауруларда, қан айналудың бұзылуында қолдану жақсы нәтиже береді. Строфант препараттарын қолданғаннан кейін бір-екі күннен соң емді ұзақ әрі нәтижелі әсер ететін оймақгул препараттарымен жалғастырады.
Строфантин препараттарынан мыналар қолданылады: 1) строфантин К –суда және спиртте оңай еритін кристалды ұнтақ. "А" тізімі бойынша сақталады.
2) Строфант тұнбашасы (Tinctura Strophanthi) строфантиннің 70%-ды спирттегі 10%-ды тұнбашасы.Препараттың 1 мл-де 180-220 ЕӘБ бар "А" тізімі бойынша сақталады.
Жүрек жұмысы тоқтап қалмауы үшін , строфант препараттарын күре тамырына абайлап баяулатып егеді. Еріткіш ретінде глюкоза немесе хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісін қолданады. Строфанттың тұнбашасы 20%-ды спиртте немесе 10%-ды глюкозада ерітіліді. Қазіргі уақытта ветеринария саласында кадиовален , медилазид, целанид, дактозид және т.б қолданыла