Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет55/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   143
Байланысты:
369577-1

Гидролизин-Hidrolysinum Ірі қара мал қаны. Белоктардың қышқылды гидролизинді онімі. Ашық-қоңыр түсті кеуекті масса,суда оңай ериді. Құрамында 1%- ке жуық азот бар ұнтақ және ерітінді түрінде шығарылады.
Гидролизиннің құрамында қанның бүкіл аминді қышқылдары бар, сондықтан ол белоктың бағалы өнімі болып табылады. Сонымен бірге ол организмнің қорғаныштық қызметін жандандырады, уытсыздандырғыш ретінде әсер етеді. Гипопротейнемияда,түралауда,әлсіздікте, баяу жазылатын жаралар мен ойық жараларда қолданылады.Препараттың антигендік қасиеттері жоқ,оны жануарлардың барлық түріне қарамастан бір рет және қайталап қолдануға болады.
Казейн гидролизаты,аминопептид және БК-8 жасанды гидролизинге ұқсас әсер етеді.
Синтетикалық плазма ауыстырғыш ерітінділер. Полиглюкин – Poliglucinum хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісіндегі глюкоза полимерінің 6%-дық ерітіндісі. Бұл мөолдір, түссіз, иіссіз келеді. Вена тамырға енгізілген полиглюкин қанның осмостық қысымын көтереді және ісікткрдің дамуына кедергі жасайды. Полиглюкин қан тамырлары мембраналары арқылы өтпейтін дәрі болғандықтан және баяу бұзылатындықтан, ол қанда ұзақ болады және ұзақ әсер етеді. Полиглюкинді төменгі қан қысымында ,дамыған ісікте,тұздармен уланғанда,сондай-ақ талықсудың алуан түрлерінде қолданады. Қолданылу мөлшер изотониялық сұйықтарды қолданғандағыдай (малдың 1 кг салмағына шаққанда 10-25 мл-ге дейін .
Гемовинил ,поливинил (поливинил спитртнің 2,5%-дық коолидтық ерітіндісі) полиглюкинге ұқсаса әсер етеді.
Қанттар. Глюкоза. (жүзім қанты) – Glucosum. Иіссіз, ақ түсті кристалды ұнтақ немесе майда түссіз кристалдар ,дәмі тәтті,судың 1,5 бөлігінде және спирттің 30 бөлігінде ериді. Бейтарап реакциядағы ерітінділері, сытыққа төзімді. Асқазаннан глюкоза баяу және аз мөлшерде сіңіріледі. Ішекте секреторлық қызмет күшейген сайын , тезірек және интенсивті түрде сіңіріледі.
Сіңірілген глюкоза қан плазмасы мен ұлпалық сұйықтардың арасындағы осмотикалығ- серпінді тепе-теңдікті өзгертеді және өлпалардағы көптеген биохимиялық құбылыстарға тікелей әсер етеді. Глюкоза қанға гипертониялық концентрация ретінде енгізілгенде неғұрлым белсенді әсер етеді.
Глюкоза гликолизбен байланысты энергетикалық құбылыстарға тиімді әсер ететді. Ал мұнің мәнісі ол барлық мүшелердің және ең алдымен орталық жүйке жүйесі, вегетативтік жүйкелер, жүрек және басқалар сияқты белсенді жұмыс істейтін мүшелердің функцмялық қызметіне жағымды әсер етеді деген сөз. Ол орталық нерв жүйесінің күйін жақсартады, өйткені тез сіңірілетін көмірсулар ол үшін өте маңызды энергия көзі болып табылады. Сондықтан глюкоза бұлшық ет жұмысының жандандырушысы болып табылады. Глюкозаға елеулі әсер етеді, оның жиырылуын күшейтеді. Жайсыз толғақта байқалатын және төлдегеннен кейінгі кезеңде, сондай-ақ , қабынуда байқалатын жатырдың әлсәреуі глюкозаны қолданганнан кейін жойылады. Глюкозаның әсерімен қанның тұтқырлығы мен ұйығыштығын күшейтеді.
Глюкозаны қолдану әр түрлі. Оны орталық жүйке жүйесінің қалжырауында, вегетативтік инервация әлсіздігінің әр түрлі формаларында, толғақ кезіндегі талықсуда, интоксикацияларда қолдану ұсынылады. Глюкозаны қолданғанда есіткілердің, адренолиннің және басқа да бірқатар дәрілік заттардың әсер ету уақыты ұзарады.
Вена тамырларына енгізіледі. Қолданк мөлшері : жылқыға 30,0-120,0 , сиырға 30,0-450,0 ғ қойға 6,0-30,0 , итке 2,0-8,0 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет