Натуроза – Naturoza. Жүзімді өңдегеннен кейінгі алынатын өнім. Негізгі әсер етуші заттары – глюкоза,фруктоза және басқада қанттар, сонымен бірге препараттың құрамындағы ферменттер , аскорбин қышқылы , В тобының витаминдері, кальциийдің ,фосфордың, магнийдің, темірдің, калийдің және натрийдің комплексті тұздардың органикалық және бейорганикалық қосылыстары бар.Сыртқы түрі жағынан олопалесцентт коллоидты-дисперсиянық сипаттағы құйықтық, ашық-сары түстен шымқай түске дейін болады, рН 3-3,5 құрамында 18-20% қант бар. Натуроза қанның осмостық қысымын кқтереді және қан тамырлары мембраналарының өткізгіштігін азайтады, көптеген биохимиялық құбылыстарды жандандырады және қанттарды жүректің пайдалануына септігін тигізеді. Оны әлсіреген жүрен- қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсарту және жалпы сергектілікті жоғарлату үшін ,аз ісіктердің алдын алу және операциядан кейінгі асқынудың алдын алу үшін қолдану ұсынылады.
Жануардың 1 кг салмағына шаққандағы есеппен болжамдық мөлшерде қолданылады: аз мөлшері – 0,3 мл, орташа мөлшері – 1 млғ көп мөлшері – 3 мл.
Изотоникалық сұйықтар. Көптеген тұздардың изотониялық ерітінділері қан кеткенде ,талықсығанда, интоксикацияларда,қан қысымы төмендегенде жағымды әсер етеді. Олар қанның осмотикалық кернеулігін азайтады.
Хлорлы натрий хлориді мен рингерлік сұйықтықтың изотониялық ерітіндісімен қатар мына препараттар қолданылады.
ОҚҚИ-дың (орталық қан құю институты) тұзды инфузині.Өзінің құрамындағы 0,8% хлорлы натрий ,0,02% хлорлы калий, 0,025%хлорлы кльций, 0,005 % сульфатты магний, 0,08% натрий гидро карбонаты және 0,0138 % бір аусымды рН натрий фосфаты бар. Бұл тұздардың судағы ерітіндісі 6,0-6,4-ке дейін көмір қышқылмен қаныққан . Прерапатты қан едәуір мөлшерде жоғалғанда беруге болады. Ол осмостық қысымды қалпына келтіреді. Құрамындағы көмір қышқылы тыныс алу орталығын қоздырады және заттардың ұлпалық алмасуын қалпына келтіруге жәрдемдеседі.
ОҚҚИ-ның серотрансфузині судағы ерітіндісінде 0,75% хлорлы натрий, 0,02% хлорлы калий, 0,01%хлорлы магний, 0,0052% бір аусымды фосфатты натрий, 0,0476% екі аусымды фосфатты натрий және 1% глюкоза бар. Тұзды инфузин мен серотрансфузинді ұзақ әсер ету үшін қан мен қоспа түрінде ұсынады. Кейде акумаринді де пайдананады.
Достарыңызбен бөлісу: |