Калий тұздары. Калий де натрий тәрізді организмге керекті заттардың бірі. Ол организмге өсімдік және жануар тектес қоректік заттармен бірге жеткілікті, кейде тіпті артық мөлшерде түседі. Организмнен бөліне отырып, калий, натрий тұздарының бөлінуінде жалдамдатады. Калий тұздары, натрий тұздарына қарағанда сезімтал жүйке рецепторларын күштірек тітіркендіреді және организмге тез сіңеді. Сол себепті оның әсері натрий тұздарына қарағанда тез әрі қысқа мерзімді келеді.
Резорбтивті әсер ете отырып, калий тұздары холинергиялық жүйенің тонусын арттырады, ішкі мүшелердің қан тамыраларын кеңейтіп, перифериялық қан тамырларын тарылтады. Жүрекке әсері өте күрделі: жүрек жұмысының автоматизімін реттейді; жүрек бұлшықеттерін тонусын төмендетіп, жиырылу ырғағын баялатады.
Қалыпты жағдайда клийдың қан сарысуындағы мөлшері 0,02% болады, егер оның мөлшері бұл еңгейден екі есе артып келетін болса, улану белгілері байқалады. Ол кезде орталық жүйке жүйесі салданып, жүректің жұмысы тоқтап қалуы мүмкін.
Калий тұздарымен улану өте сирек кездеседі, себебі олар организмнен бүйректер арқылы тез бөлінеді. Бүйректер арқылы бөліне отырып, диурезді күшейтеді. Оны несеп айдағыш зат ретіндеқолдану осыған негізделген.
Жалпы алғанда, калий тұздарының фармакологиялық әсері натрий тұздарыныкінен айырмашылығы жоқ. Бірақ, оның уыттылығы жоғары және тітіргендіргіштік әсері күшті болғандықтан онша көп қолданыла бермейді.
Калий хлориді (хлорлы калий) – Kalii chloridum, KCI. Өте күрделі изотониялық ерітінділердің құрамдас бөлігі және ас қорытуды жақсартатын зат ретінде қолданылады. Ішке бергендегі мөлшері: жылқылар мен сиырларға 5,0-10,0; қойларға 2,0-5,0; шошқаларға 1,0-2,0; иттерге 0,1-1,0; тауықтарға 0,1-0,5 г.
Калий сульфаты – Kalii Sulfas, K2SO4. Түссіз жылтыр кристалдар немесе ұсақ кристалды ұнтақ. Спиртте ерімейді, ал судың II бөлігінде ериді. әсері натрий сульфатына ұқсас, бірақ оған қарағанда кілегейлі қабықтарды қатты тітіркендіреді және организмге тез сіңеді. Жасанды карловар тұзының құрамдас бөлігі ретінде қолданылады. Іш өткізгіш зат ретінде дозасы: жылқыларға 50,0-200,0; сиырларға 100,0-300,0; қойларға 20,0-50,0; шошқаларға 10,0-25,0, иттерге 5,0-10,0.