Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Жасанды карловалар тұзы – Salis carolini factotum



бет87/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   143
Байланысты:
369577-1

Жасанды карловалар тұзы – Salis carolini factotum. Құрамында 44% құрғатылған натрий сульфаты, 30% натрий гидрокорбанаты, 18%хлорлы натрий және 2%хлорлы калий бар ұнтақ тәрізді қоспа зат. 0,6% сулы ерітінділері Чехиядағы Карлов Вар суына ұқсас келеді. Жоғарыда көрсетілген құрамдағы тұз ас қорыту жүйесінің секрециясын күшейтеді, ішектердің перистальтикасын активтендіреді, ас қорытуды жақсартып, азықтық заттардың сіңімділігін арттырады. Әсері баяу, әрі ұзақ келеді.
Натрий сульфаты ас қорыту жүйесінің перисталтикасына баяу әчер етеді, кейде секрециясын да күшейтуі мүмкін. Ас қорыту жүйесінің моторлы функциясына әсер еткенге дейін калий сульфатын белсендіріледі. Өз кезегінде ол қарын мен ішектертдің интерорецепторларын тітіркендіріп секреция мен моториканы күшейтеді. Оның әсері бірден басталадыда, натрий сульфатының әсері бастала бергенде аяқталады.
Хлорлы натрий негізінен ас қорыту бездерінің секрециясын күшейтеді, ал перистальтиканың күшеюі оған қарағанда сиректеу болады. Натрий гидрокорбанаты қарын сөліндегі тұз қышқылын бейтараптайды, бірақ оған оның аздаған мөлшері ғана жұмсалады.
Натрий гидрокорбанаты организмге тез сіңіп ас қорыту, кіңірдек және басқа да бездерінің қызметін күшейтеді.
Сезімтал жүйкелердің тітіркенуімен, рефлекторлы түрде қарынның, ішектердің, ұйқы безінің секрециясы күшейтеді, бөлінетін өттің мөлшері артады, ішектердің тонусы жоғарылап, ас қорыту жүйесінің перистальтикасы мен ферментті құбылыстардың қызметі күшейеді.
Сол себепті карловар тұзы ас қорыту жүйесінің қызметін арттыратын өте құнды препарат болп саналады. Ол қарын мен ішектердің созылмалы катаралды қабнларында, олардың гипохилиясы мен атониясында қолайлы әсер етеді. Сонымен бірге қақырық түсіргіш және несеп айдағыш зат ретінде қоладанады.
Мөлшері: жылқыларға – 10,0-50,0 г, сиырларға 20,0-100,0; қойларға – 5,0-25,0; шошқаларға – 2,0-5,0; иттерге 1,0-2,0; құстарға 0,2-0,5 г.
Магний тұздары. Магний торшалар мен организм сұйықтықтарында болады да, изотониялық жағдайды бір қалыпты деңгейде ұстап тұруға қатысады. Оның қандағы мөлшері 4 мг % аспайды. Иондарға диссоцияцияланбаған магний тұздарының әсер ету механизмі, натрий тұздарыныкіне ұқсас келеді. Практикада көп жағдайларда магнийдің сульфаты мен корбанаты қоладынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет