Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет89/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   143
Байланысты:
369577-1

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №20
Сілтілік және сілтілік жер металдарының тұздары


Барий тұздары. Барий табиғатта тұздар ретінде кездеседі. Ол аздаған мөлшерде теңіз суларында және кейбір минеральды су көздерінде болады. Барий тұздарының әсерінен бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуы күшейеді, соның салдарынан ас қорыту жүйесінің перистальтикасы жақсарады, қан қысымы артады, жүректің соғуы жиілеп, қан тамырлары тарылады. Мұндай өзгерістер препараттың мөлшеріне байланысты әртүрлі деңгейде болады. Емдік мөлшері мен уытты мөлшерінің арасы өте аз. Барлық әсерлерінің ішіндегі ең бағалысына – қарын мен ішектердің бірыңғай салалы бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтетіндігіндігі жатады, өйткені бұл бағытта басқа ешқандай заттар әсер ете алмасада, барий тұздары ғана әсер етеді.
Барий тұздарының іш өткізгіш заттар ретінде нәтижелікпен қолдануға болар еді, бірақ ол жүрек-қан тамырлары жүйесіне қолайсыз әсер етеді. Барий тұздарының ішіндегі ең көп тарағандары – хлорлы барий мен барий сульфаты.
Хлорлы барий – Barii chloridum, Bacl2. Вена тамырына еккендегі мөлшері: жылқыларға 1,0-3,0 г; сиырларға 2,0-4,0; ішке бергендегі мөлшері: жылқыларға 3,0-6,0 г; сиырларға 4,0-8,0.
Кальций тұздары. Кальций табиғатта өте көп тараған. Ол тау жыныстарында көп кездеседі, сонымен бірге барлық өзендер мен көлдердің суларында болады. Онсыз өсімдіктер мен жануарлар өмір сүруі мүмкін емес. Жануарлар организмінде негізінен кальций тұздары биорганикалық қосылыстар күйінде болады, біраз мөлшері органикалық қосылыстардың құрамына кіреді, ал өте аз мөлшері иондарға диссоцацияланған хлорлы кальций түрінде кездеседі.
Орагнизмнің кальций тұздарына деген қажеттілігі жануарлардың әртүрлі жағдайларына байланысты келеді. Мысалы, өсіп жетілген организмге қарағанда, өсіп келе жатқан организмнің кальциге деген қажеттілігі өте жоғары келеді. Суын малдарына кальций өте көп мөлшерде қажет болады.
Кальций алмасуы бұзылатын кейбір ауруларда организмнің кальциге деген қажеттілігі әртүрлі болады. Кальций метоболизмі орталық жүйке жүйесі мен адренериялық иннервация арқылы реттеледі. Кальцийдің алмасуына қалқанша без маңындағы бездің гормоны-паратиреодин әсер етеді.
Бұл біздің қызметі күшті болған сайын, оның алмасуы жылдам жүредіде, организмдегі кальцийдің мөлшері жоғары болады, ал оның гипофункциясында гипокальцемия құбылысы пайда боалды. Сүйектер жүйесіндегі кальций алмасуы «Д» витаминінің белсенділігіне көп байланысты. «Д» витаминінің әсерінен сүйектер жүйесіндегі кальций қанға өтеді. Бірақ витаминнің жоғарғы мөлшерінен бүйрек, өкпе және басқада мүшелердің кальцинозы пайда болуы мүмкін.
Ионданған кальций орталық жүйке жүйесіне белсенді әсер етеді. Қозған кезде тыныштандырады; наркозданған организмді қалпына келтіреді; зат алмасуға қатысады, ретикулооэндотемиальды жүйенің қызметін жақсартады, симпатикалық жүйке жүйесінің тонусын арттырады, жүрек бұлшық еттерінің жиырылуын жақсартады, сонымен бірге қанның ұюын жылдамдатады, лейкоциттердің фагоцитарлы қызметін күшейтеді, трипсинді белсендіреді. Көптеген зерттеушілердің болжамдары бойынша кальцийдің әсерінен көптеген мүшелердің уытты заттарға қарсы тұру қабілеттілігі артады. Ионданған кальцийді организмге жоғары мөлшерде еккенде ол сүйектерде жинақталадыда, кальцийдің мөлшері азайып кеткенде пайдаланылады. Кальцийдің жетіспеушілігі, біріншіден, сүйектерге қатты әсер етеді. Ол жетіспегенде жас малдарда рахит, ал үлкен малдарда остеомаляция ауруы пайда болады.
Кальций тұздарының жетіспеушілігінен қан тамыралрының қабырғасының өткізгіштігі, жүрек жұмысы нашарлайды, қабыну құбылыстары ұзаққа созылады. Кейде буаз малдардың іш тастауы және ас қорыту жүйесі жұмысының нашарлауы байқалады.
Кальцийдің негізгі бөлігі бүйректер, бауыр, тоқ ішек арқылы, ал аздаған бөлігі – тер, кеңірдек және сүт бездері арқылы бөлінеді. Кальций жетіспегенде оның несеп арқылы бөлінуі күрт төмендейді де, ішектер арқылы бөлінуі сол қалпында қалады. Бүректер арқылы бөліну көп жағдайларда бүйрек ауруларында, ацидоздар кезінде; рационда фосфоаттар көп болған жағдайда кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет