Флавакридин гидрохлориді – Flavacridini hydrochloridum. Иіссіз, дәмсіз, сарғыш – қызыл немесе қоңыр – қызыл түсті кристалды ұнтақ, судың 3 және 60% спирттің 2 бөлігінде жақсы ериді. Құрамында едәуір мөлшерде байланысқан немесе бос күйіндегі тұз қышқылы болғандықтан, судағы ерітінділерінің реакциясы қышқылды келеді.Ерітінділері жарыққа сезімтал келетіндіктен, оларды қолданар алдында ғана дайындайды.Ұнтақ тәрізді флавакридин оның ерітіндісіне қарағанда жарыққа онша сезімтал емес, бірақ ұзақ сақтағанда (әсіресе ылғалды ортада) ол жайлап ыдырай бастайды.Сол себепті препаратты жақсы жабылатын қара түсті шыны ыдыстарда «Б» тізімі бойынша сақтайды.Флавакридин ерітінділері температураға төзімді келеді, сол себепті оларды 1200 С-да стерильдей береді.
Практикада көбінесе 30 минуттан булап немесе ыстық суға салу арқылы стерильдейді.
Флавакридин белсенді түрде әсер ететін микробтарға және қарапайымдыларға қарсы қолданатын зат.Органикалық заттардың қан сары суы, жараның сүйығы және т.б. қатысуымен олардың белсенділігі едәуір артады, сонымен бірге ұлпаларға жақындатқанда олардың кілегейлі қабықтарына және жараның жазылуына қолайсыз әсер болмайды.
Флавакридин қан паразиттеріне жан-жақты әсер ететін зат ретінде кеңінен қолданылады, әсіресе оны жылқының нугталиоз, сиырдың және қойдын пираплазмоз, бабезиоз, франсаиеллез ауруларына қарсы қолдану өте тиімді.
Сонымен бірге оларды профилактикалық зат ретінде жануарлар денесіндегі жұқпалы ауруларды тарататын кенелерге қарсы қолданады. Аурудың жасырын кезеңінде организмге енгізілген флакакридин инвазияның дамуын төмендетеді.
Микробтарға және қарапайымдыларға қарсы әсер етуімен қатар, флавакридин жануарларда қолайсыз әсер етуі мүмкін. Негізінде оны вена- қан тамыры арқылы егеді, егер етке егетін болса, қабыну реакциясы пайда. болады, ал өте жоғары концентрациясынан ұлпалар өліеттенеді.
Флавакридин жануарлардың жалпы жағдайын айтарлықтай өзгертеді. Оның орташа терапевтік мөлшерін вена қантамырына бір рет еккенде жылқылар тынышсыздана бастайды, пульс жылдамдап, тыныс алу жиілейді де, перистальтика күшейе түседі.Осы құбылыстардың бәрі бірнеше минуттың ішінде өтеді, ал перистальтика соңынан баяулайды.
Қан құрамында едәуір өзгеріске ұшырайды: рН-пен резервті негізділік төмеңдейді, қан сарысуының ұйығыштығы, белоктың проценті артады, каталаза көрсеткіші жоғарылап, қалдық азоттың көлемі көбейеді.Осы өзгерістердің бәрі организмдегі тотығу-тотықсыздану құбылысының бұзылғандығын көрсетеді.Бүйрек пен бауырдың фунциясы нашарлап, препарат үздіксіз әсер еткенде аса қолайсыз болады, сол себепті препаратты емдік мақсатпен бірінші еккеннен кейін 24-48 сағаттан соң және несеппен қан көрсеткіштері өзгермегенде ғана қайта егеді.Флавкридинге күн сәулесі кері әсерін тигізетіндігі анықталды, сол себепті емдеу кезінде (2-3 күн) жануарларды салқын әрі көлеңке жерде ұстаған жөн.
Препататты 1 % ерітінді немесе сеппе ұнтақ дәрі күйінде жұқпалы жараларды емдегенде қолданады, Өте жоғары нәтиже беретін препарат ретінде оны франсаиеллез, пираплазмоз, бабезиоз және нутталиоз ауруларында жиі қолданады.
Жануарлардың 1 кг салмағына вена тамыры арқылы бергендегі мөлшері: жылқы, сиыр, қой, шошқа және иттерге 0,003-0,004 г.
Түлкілер мен бұландарға 0,001-0,015 г. Препаратты суда немесе хлорлы натридің изотониялық ерітіндісінде ерітеді.
Ірі қара малдың пираплазмозы мен бабезиозында баренил диамедин, диамирин және басқада препараттар өте жақсы нәтиже береді.