Өндіріс – адамдарға қажетті материалдық игіліктерді, пайдалы өнімді өндіру процесі.
Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімдегі үлесін анықтау(ресурстар, тауар және қызметтер, жұмысшы күшіне жалақы, рента, пайыз, пайда, гонорар).
Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі (іс-әрекеттер, еңбек өнімі, ақпараттар).
Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.Ол қоғамдық өнім қозғалысының соңғы сатысы.
Қоғамның белгілі-бір уақыт ішінде өндіргіш барлық материалдық игіліктерінің жиынтығы қоғамдық жиынтық өнімді құрайды. Қоғамдық өнім өндіріс дәрежесін немесе оның тиімділігін сипаттайды.
Қоғамдық ұдайы өндіріс ұғымын алғаш реет зерттеген физиократтар мектебінің өкілі Ф. Кэне. Одан кейін одан әрі дамытқан К. Маркс болды. Ол»Капитал» еңбегінің 2-ші томында қоғамдық өндірістің екі бөлімшесінің пропорциясын қарастырған.Сонымен қатар, ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс қоғамдық ұдайы өндіріс мәселесіне үлкен мән берді.
Үнемі қайталап, жаңғырып отыратын өндірісті ұдайы өндіріс(қайта өндіру) деп атайды.
Ұдайы өндірістің түрлері:
Жай ұдайы өндіріс ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің үзіліссіз өзгермеген күйде қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің ұлғайып үзіліссіз қайталанып жаңғыруы. Қазіргі заманғы экономикаға өндірісті кеңейту тән. Бұл өндіріске салынған жаңа инвестициялар шығындалған капиталды тек қайтарып қана қоймай, өндірістің қосымша немесе өндірістің ең тиімді құралдарымен оны көбейтеді. Сонымен өндіріске қосымша капитал салу есебімен оны ірілендіріп, капиталдың жинақталуын қамтамасыз етеді.
Кеңейтілген (ұлғаймалы) өндірістің түрлері:
Экстенсивті - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.
Интенсивті - өндіріс техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
Технологиялық өндіріс әдісі қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы, материалдар, технологиялар, қуаттар, информациялар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы.