Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Тақырып бойынша қосымша сұрақтар



бет25/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Тақырып бойынша қосымша сұрақтар:

  1. Шаруашылықтың қоғамдық формалары мен үлгілерінің (модельдерін) қандай түрлерін Сіз білесіз?

  2. Бартер мен ақшалай айырбастың айырмашылығы неде?

  3. Айырбаста игіліктердің пайдалығын қалай салыстыруға болады?

  4. Ақшаның атқаратын қызметтерін атаңыз?

  5. ҚР экономикасындағы теңге: әлеуметтік-экономикалық салдары және болашағы.



Негізгі ұғымдар: өндіріс, тұтыну, айырбастау, бөлу, тауар, құн, құн заңы, ақша, айналым заңы, т.б


Тақырып 5. Нарық және бәсеке

5.1Нарықтың мәні және түрлері.


5.2Бәсеке: түсінігі және түрлері.
5.3Нарық инфрақұрылымы. Қазіргі нарықтық инфрақұрылымының негізгі элементтері.



    1. Нарықтың мәні және түрлері

Нарық теориясын алғаш ашқан ғалым, ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842 – 1924). Ол Адам Смит,Давид Рикардо,Джон Стюард Миел, т.б. классикикалық мектептің өкілдері жасаған теорияларды қорытындылай келіп, қысқа және ұзақ мерзімді ұсыныстар мен сұраныстардың арасына шектеу қойған жағдайда қысқа мерзімде өндірілген тауарлар санының тұрақты болатынын, ал ұзақ мерзімде өндірілген тауарлар санының керісінше болатындығын теория тұрғыдан негіздеді. Сөйтіп, ол баға теориясының негізін салушы болды. Келесі бір ғалым – Джон Мейнард Кейнс 1936 жылы жарық көрген “Жұмыспен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы” атты еңбегінде экономиканы макроэкономика және микроэкономика деп жіктей отырып, оған “макроанализ” бен “микроанализ” деңгейінде алғаш рет талдау жүргізді. Ол басқарудың нарықтық тетігі мен мемлекеттік реттеуді біріктіру үрдісін ұсынды. Кейнстің идеялары “кейнсшілдік” деп аталып, оның жетілдірілген түрі “неокейнсшілдік” деген теорияның негізіне айналды. Бұған қоса М.Фридман, И.Шумпетер,П.Самуэльсон, Дж. Гэлбрент, М.Вебер, т.б. ғалымдардың нарыққа байланысты теориялық пайымдаулары әлемге кеңінен танылды. Атап айтқанда, экономикалық серпін мен циклдер, жаңа индустриялық қоғам, радикалдық қағидаттар сияқты тарамдалған теориялар жүйесі негізделді. Нарықтық қатынастар теориясы сатып алу-сату нысандарына тән дәстүрлі тауарларға қоса қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар, ақпарат пен зияткерлік жетістіктерді де саралайды. Сонымен қатар мемлекет пен нарық институттары, аймақтық және әлемдік экономика арқылы жетілдіру жолдарын теория тұрғыдан қарастырады. Нарық теориясының басты нысаны меншік қатынасы – мемл. сектор, акционерлік кәсіпкерлік сектор, кооперативтік ұжымдық сектор, жекеше және аралас сектор, т.б. Сондықтан нарықтық экономика осы меншік түрлерінің арақатынасымен тығыз байланысты.
Сонымен, нарық дегеніміз-ұдайы өндірістің барлық сатыларында өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну сфераларында сатып алу-сату арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.

Біріншіден,нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни не өндіру қажет, қалай өндіру қажет, кімдер өндіру қажет проблемалары өз шешімдерін табады;



Нарықтың атқаратын маңызды қызметтері:




Екіншіден,нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арсында байланыстар орнайды. Нарыққа қатысушы әр адам бір мезгілде, әрі сатып алушы, әрі сатушы болады. Ол өз өміріне қажет нәрселерді сатып алады немесе нарықта өзі өндірген тауарларды немесе мүлігін немесе жұмыс күшін сатады;




Үшіншіден,нарық арқылы өнімдерді өндіруге жұмсалған шығындарды есепке алу жүзеге асырылады. Егер де шығындар көп болса, ондай өнімдерді сатып алу мүмкін болмайды және оны одан әрі өндіру тоқтатылады. Демек, нарықта шығындарды өтейтін бағалар бойынша өнімдер сатылады;







Төртіншіден,нарықтың маңызды қызметі бағаны белгілеу болып табылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерімен құбылып отырады. Егер де нарықта белгілі тауарлардың мөлшері оған деген сұраныстан басым болса, онда баға арзандайды, демек сол тауарды ұсыну мен өндіру кемиді. Керісінше, бағаның көтерілуі өндірісті ынталандырады, оның өсе беруі сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдік орнағанша жалғасады және соның салдарынан тепе-теңдік баға белгіленеді;







Бесіншіден,нарық өндірушілерді өзара жіктейді. Бәсеке кезінде тек өнімдерді өндіруге нарық бағасынан төмен шығындар жұмсаған фирмалар ғана өмір сүре алады. Бұл жағдайда фирма пайданы иемденеді. Егер шығындарды нарық бағасынан жоғары болса, онда зиян шегіп, шығындарға ұшырайды. Яғни, өндірушілердің жіктелуі дегеніміз тиімді фирмалардың нығая түсуі және тиімсіз фирмалардың күйреуі болып табылады.

Нарықтың өзіне тән құрылымы болады. Нарықтың құрылымы деп оның өзара құрамдас жекеленген элементтерінің болуын айтады.


Нарықтың құрылымын түрлі критерийлер бойынша жіктейді, олардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталайық.

Нарықтың негізгі түрлері





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет