Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А



бет27/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

1.Жетілген бәсеке нарығы –- кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады.Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай рыноктың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын – бидай, көк - өніс, жеміс – жидек және т.б.
2. Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі «монос» бір, «полео» - сатамын) – көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады. Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.
Өнімдері бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға болады. Сатып алушылар осындай көрсетуі бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы – киім, аяқ-киім, тағам өнімдері, жанар маймен және т.б. бөлшек сауда жасау өте жақын.
3. Олигополия (грек сөзі «олигос» - аздау «полео» - сатамын) – бірнеше деген сатып алшылар нарығын көрсетеді, байқалатыны, тіпті, осылардың кейбіреулері нарықтың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда бір текті және әр текті болуы мүмкін олигополиялық бәсекені бірдей бір белгісі сол оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесінде есеп құра алмайды.
Себебі, бәсекелестер оны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған (мысалы, аллюминий, болат, химия өнеркәсібі, өнімі) немесе жіктелген (мысалы, автомобиль, компьютер, ауылшаруашылық инвентарь, тұрмыстық прибор т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет