Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Тақырып бойынша қосымша сұрақтары



бет30/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Тақырып бойынша қосымша сұрақтары:
1. Монополия: экономикалық табиғаты және пайда болу себептері.
2. Монополияның түрлері мен формалары
3. Монополияға қарсы реттеу.
4. Бәсеке дегеніміз не? Бәсекенің түрлерін атаңдар
5.Таза бәсеке нарықтарын сипаттаңдар.
6. Монополияның қандай түрлерін білесіңдер?
7 Монополияның формаларын атаңдар.
8.Дуополия дегеніміз не?
9.Нарық дегеніміз не? Нарық объектілері мен субъектілерін анықтаңдар.
10.Әр түрлі нышандар бойынша нарықтың түрлерін атаңдар.
11.Нарық қызметтерін атаңдар.
12Нарықтың тиімділігі қалай есептеледі?
13.Нарық инфрақұрылымын сипаттаңдар.
14.Нарықтағы «көрінбейтін қол» деп А.Смит нені түсінген?
15. Нарық инфрақұрылымының қызметтері Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымының дамуы ?


Негізгі ұғымдар: нарық, бәсеке, монополия, олигополия, дуаполия, жетілген бәсеке, жетілмеген бәсеке, т.б.


Тақырып 6. Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі



    1. Сұраныс заңы және сұраныс қисығы.

    2. Ұсыныс заңы және ұсыныс қисығы.

    3. Нарықтық тепе-теңдік және икемділік түсінігі.


    1. Сұраныс заңы және сұраныс қисығы

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс - ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс - төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 6.1. графиктегі көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

График 6.1. Сұраныстың қисығы.

График 6.2. Сұраныс қисығының жылжуы.





Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді

Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді:Оңға-жоғары ( өсуі);Солға-төменге ( азаюы)

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Тұтынушылардың табысы.

  2. Тұтынушылардың саны.

  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

  4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

  5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет