Нарықтағы тепе-теңдік жағдай сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.
График 6.5. Нарықтағы тепе-теңдік.
Мұнда: Е – сұраныc пен ұсыныс қисығының қиылысқан, тепе-теңдік нүктесі,
РЕ –теңдік баға,
QЕ – теңдік көлем.
Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгеретінің анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Икемділіктің негізгі көрсеткіші икемділік коэффициенті болып табылады. Икемділік коэффициенті дегеніміз – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің екі түрі бар: сұраныс және ұсыныс икемділіктері.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
мұнда ЕPD- сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті;
∆ Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі; ∆ Р% - бағаның қатысты өзгеруі;
График 6.6.
Икемді сұраныс.
График 6.7.
Икемсіз сұраныс.
ЕPD> 1, баға төмендеген сайын сату көлемі молаяды және жалпы түсім өседі.
ЕPD < 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгерісі шамалы болады және жалпы түсім азаяды.
График 6.8. Бірлік икемді сұраныс.
График 6.9. Абсолюттік икемді сұраныс.
ЕPD= 1, бағаның өзгеруі сұраныстың өзгеруімен тең болады. Жалпы түсім өзгермейді.