Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А



бет35/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.
Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.
Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.
түрі.
Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.
Консалтинг— шаруашылықты басқарушыларға және түрлі ұйымдардың басқарушы қызметкерлерін кәсіби көмек көрсету, кеңес беру, оқыту. Ол коммерциялық негізде ақыл-кеңестер беру, үйренуші, оқушы басшы қызметкерлермен, басқарушылармен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында, сондай-ақ, белгілі бір ұйымдық, техникалық немесе ақпараттық қызметтерді орындау нысанында жүзеге асырылады. Консалтинг қызметі шетелдерде экономиканың жеке саласы ретінде өткен XX ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты. Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасында жалпы саны 500-ден астам консалтингтік фирмалар жұмыс істейді. Олар, көбінесе, кәсіптік сипаттағы консалтингтік қызметтер көрсетеді. Көрсетілетін консалтинглік қызметтердің тақырыбы (жалпы басқару, әкімшілік ету, қаржылық басқару, кадрларды басқару, маркетинг, өндіріс, ақпараттық технология, мамандандырылған қызметтер көрсету).
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік: жеке меншік және мемлекеттік болып бөлінеді.
Капитал айналымының көлемі және іске қосылған қызметкерлердің саны бойынша: шағын, орта және ірі бизнес деп бөлінеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:
*жағдайлардың өзгеруіне жеңіл бейімделеді;
*тұтыну сұранысының өзгеруіне тез жауап береді;
*капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады;
*бәсекелік дамудың негізін құрайды;
*техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет