Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Тақырып бойынша қосымша сұрақтары



бет42/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Тақырып бойынша қосымша сұрақтары:

        1. Тұрақты шығындарға не жатады?

        2. Өзгермелі шығындарға не жатады?

        3. Табыс дегеніміз не?

  1. Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар.

  2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар.

Негізгі ұғымдар: шығын, тұрақты шығын, өзгермелі шығын, шекті шығын, жалпы шығын, пайда, табыс.

Тақырып 9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстарды бөлу
9.1 Өндіріс факторлары нарығының қызмет ету ерекшеліктері.
9.2 Еңбекақының мәні және нысандары. Еңбек нарығы, оның мәні мен ерекшеліктері.
9.3Капитал нарығы және оның құрылымы. Капитал және инвестиция.
9.4 Жер нарығы. Жер рентасы. Жер бағасы. Пайда кәсіпкерлік табыс ретінде.
9.1 Өндіріс факторлары нарығының қызмет ету ерекшеліктері
Экономикалық ресурстардың табыстарын айтқанда ресурстардың үш түрлері (еңбек, жер, капитал) мен табыстың үш түрін (жалақы, рента, пайыз) бөліп қарастырады. Бірақ өндіріске тағы бір фактор қажет ол кәсіпкерлік қабілеттілік, ол шаруашылық кешенде ресурстарды жинақтайды және еңбекті ұйымдастырады. Осыдан кейін кәсіпкердің табысы пайда болып табылады.Табыстардың барлық түрлерін қарастырамыз.
.1.сурет-Өндіріс ресурстарының негізгі түрлері және оларды қолданудан түскен табыстар

Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс барысында іріленген түрінде негізгі өндіріс факторлары ретінде атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және басқа да факторлар жатады. Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс білдіреді. Бұл жерде өндіріс факторларының нарығы қалыптасады. Кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары өндіріс факторларының иелері ретінде сатушылар қызметін атқарады. Әр өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, ортақ тепе-теңдік баға тағайындалып отырады. Әр өндірістік ресурс өзінің иесіне факторлық табыс алып келе алатындай қасиетке ие болуы тиіс. Мәселен, еңбектің иесі өзіне жалақы алады, капиталды сатушы өзіне пайызды алады, ал жердің иесі рентаға ие болады.Өндіріс факторлары нарықтарының кәдімгі тауарлар мен қызметтер нарығынан басты айыршылығы – фирмалар мен тұтынушылар рөлдерінің ауысуында болып табылады: фирмалар ресурстар нарығында сатып алушылар, ал тұтынушылар сатушылар ретінде жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, фирмалар ресурстарға сұраныс білдіреді және тұтынушылар ресурстардың ұсынысын жасайды. Өндіріс факторларының нарықтары – бұл сұраныс пен ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс туынды сұраныс деп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал, өндіріс факторларының ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен сата алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын экономикалық субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар, жалдамалы жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мүмкін. Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды қалыптастырады. Факторлық табыстар – бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін – пайыз, жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін – пайда факторлық табыс болып табылады.


Негізінен, үш факторлы нарық қарастырылады. Енді осылардың әрқайсысына тоқталайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет