8.2 Өндіріс шығындары және пайда: бухгалтерлік және экономикалық тәсілдер Кәсіпорын бірлік өнімге жұмсалған шығынды білуі қажет. Сондықтан орта өндіріс шығыны есептеледі. Оның үш түрі бар:
Орта тұрақты шығын. Оны тұрақты шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды.
Орта өзгермелі шығын. Оны өзгермелі шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды.
Орта жалпы шығын. Оны жалпы шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Осы орта жалпы шығын бірлік өнім өндіріс шығыны болып есептеледі.
Кәсіпорын барлық уақытта максималды пайда табуға ұмтылады. Сол үшін, ол, өндірістегі өнім көлемін көбейтеді, қосымша өндіріс шығындарын жұмсайды. Осы шығындардың тиімділігін шекті өндіріс шығындары арқылы байқауға болады.
Шекті шығындар (кейде өсімді, маржинальды деп те атайды) қосымша бір бірлік өнімді шығарғанға жұмсалған шығын өсімі.
Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.
, TC– жалпы шығындар.
2. – мұнда МС- шекті шығындар, Q - өндірілген өнім саны.
3. мұнда AТC– орташа жалпы шығындар.
, мұнда: AFC – орташа тұрақты шығындар.
, мұнда: AVC – – орташа өзгермелі шығындар.
, мұнда: АТС – орташа жалпы шығындар.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезендегі өндіріс. Кемімелі қайтарымдылық заңы. Шекті өнім.
Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім.
Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:
Жалпы табыс –
2.Орташа табыс –
3. Шекті табыс –
8.3 Фирманың пайданы жоғарылату шарты Масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіргенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:
Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделіленген сайын, жоғары деңгейлі кәсіби жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.
Басқару аппаратының мамандандырылуы.
Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал-саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.
Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізуді қаржыландырудың артықшылығы.
Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.
Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.
Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ та, өндіріс қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс қарқыны баяулайды да, шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шығатын шығындар өсе бастайды, себебі кәсіпорын өзінің тиімді күш-қуатының ең жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, келесі кезеңде өндірістің өсуі шығынға әкеледі де, өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.
Фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі: қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша: кәсіпорын пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі) шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).