Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Фирма түсінігі. Фирма мақсаттары мен қызметтері



бет39/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Фирма түсінігі. Фирма мақсаттары мен қызметтері

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны кәсіпорын (фирма) болып табылады. Фирма дегеніміз бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен анықталады. Соған сәйкес барлық ұйымдар коммерциялық және коммерциялық емес фирмалар болып бөлінеді. Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестіктер, мемлекеттік және жеке кәсіпорын формасында құрыла алады және де пайда табуды көздейді. Коммерциялық емес фирмалар қоғамдық немесе діни ұйым, қайырымдылық ұйымдар түрінде құрылады және де пайда табуды мақсат етпейді.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме, кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылыемес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек, шын мәнінде осы факторлар өз ара байланысты болса да.
Фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының бірінші орынға жаңашылдық, сапа дизайн, жиі жаңартумен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегісервис қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағаланушы кез-келген фирма үшін кез-келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс:
Біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісті тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
Екіншіден, фирма жаңа технологиямен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандары көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын, әсіресе, фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
Үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгертті.
Қазіргі кезде экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет.
Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвистицияны жүзеге асырады және т.б.
Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке кәдімгідей әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде – жалпы мемлекеттен аймаққа дейін – реттеп отырады.
Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет