Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер



бет54/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер:
1. Мемлекеттің белсенділігімен қатар экономикаға араласуды шектеу.
2. Қатал монеторлық фискальдық шектеулер қою.
3. Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия жасау.
4. Жекеменшікті бекітумен қатар құқықтық қорғау жасау
5. Жекешелендіру процессін аяқтау (аграрлық секторда).
6. Энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өңдеу
7. Инвестициялық саясатты жүзеге асыру.
8. Индустриальдық технология стратегиясын жасау
9. Өндіріс диверсификациясын жүрзізу.
10. Өндіріс салаларының бәсекелік қабілеттілігін дамыту.


11. 2 Экономиканың циклдылығы. Экономикалық дағдарыс
Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнше теориялық көзқарастар бар.
К.Маркс экономикалық циклдың дағдарысының қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын - оқтын жаппай жаңаруымен қарастыраған.
Ағылшын экономисі Дж.Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері («шекті тиімділік») пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
Қазіргі Дж.Кейнстің ізбасарлары – «неокейнстіктер» - мәселен американ экономиксі – Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сыйпаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе терісәсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқаруына бет бұрыс жасайды.
Американ экономиксі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері «неокейстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика тұрақсыздығының себебі болып табылады.
Монетаристік мектептің негізін қалауші Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға бағытталуы қажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-ның монетарлық саясаты» еңбегінде баяндаған. Бұл жұмыс 1963-ші жылы шыққан болатын.
Мәселен, Ф.Энгельстің пайымдауынша, нарықтық анархияны «өндірісті қоғамдық- жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі жылдары өсуі, яғни экономикалық циклдың тұрақтануы келесі факторлардың әсер етуіне байланысты болды:

  • қалпына келтіруге байланысты өсу, бұл тауарлар және қызметтер өндірісін толық немесе жартылай қалпына келтірумен білінді. Бұл, әсіресе, қара және түсті металдар электр жылу энергетикасы, тамақ өнімдері, құрылыс материалдарын, тігін және тоқыма бұйымдары өндірісі, көлік және байланыс қызметі және т.б.

  • канъюнктуралық өсу, әлем нарығында өнімдеріне сұраныс әрқашан жоғары болатын салалардың дамуымен байланысты. Қазақстан жағдайында бұл, әсіресе, мұнай және газ өндіруді дамыту

  • жүйелік өсу тауарлар және қызмет өндірісінің жаңа сегменттерін енгізуден кейін болады. Бұл факторға шағын кәсіпкерліктің қаржы секторының дамуын, жылжымайтын мүлік пен автомобильдерді сатуды, үй - шаруашылығы секторында тауарлар мен қызметтер өндіруді жатқызуға болады.

  • Инновациялық өсу факторы Қазақстанда «Индустриалдық - инновациялық даму стратегиясын» жүзеге асыру салдарынан пайда болды. Бұл әзірге қалыптасу сатысында. Бұл фактор әзірге Қазақстан экономикасының дамуына елеусіз ғана әсер етеді. Ең жоғарғы қарқын инновациялық қарқын телекоммуникация және ақпараттық қамтамасыз ету салаларында болуда.

Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстың, ғылыми –техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық ролінің өсуімен және мемлекеттің экономикалық ролінің өсуімен туындаған. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және тереңдей түсті, сонымен қатар депрессия фазасы ұзақтығының ұлғаюымен ерекшелінеді. Мұндай құбылыстар экономикалық дағдарыстар кезеңінде байқалады. Бұл құбылыстар көптеген индустриалды – дамыған елдердің экономикасын қамтыды.
Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін анықтайды.
Экономикалық кезең (цикл) - бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең- кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраулармен сипатталады. Экономикадағы кезеңділіктің негізгі себептерінің бірі ретінде көптеген экономистер тұтыну мен инвестициялардың өзара қатынастарының ауытқуын атайды. Экономикалық өсудің кезеңдік ауытқуын Кейнсиан мектебі акселерат принципімен және мультппликационды - акселерациондық механизмнің әрекетімен түсіндіреді.
Циклділік экономиканың теңдік жағдайынан ауытқуы. Ауытқудың үш түрі болады:
1. Товарлар мен қызметтер ұсынысының сұраныстан ауытқуы қысқа және ұзаққа созылуы мүмкін;
2. Құрал жабдықтарға сұраныстың өзгеруіне байланысты ауытқу;
3. Бір технологиялық өндіру әдісінен екіншісіне көшумен байланысты ауытқу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет