Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А



бет55/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

4
1
3


2
Экономикалық цикл



Циклдың фазалары

  1. 1.Дағдарыс (құлдырау, рецессия).

  2. 2.Тоқырау (стагнация).

  3. 3.Жандану.

  4. 4.Өрлеу (бум).

Экономикалық циклдың фазалары:
1.Дағдарыс:

  • Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

  • Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

  • Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

  • Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

  1. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де. Тоқырау фазасының сипаттамасы:

  • Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

  • Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

  • Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.




  1. Жандану фазасының сипаттамасы:

  • Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі.

  • Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

  • Инвестициялар өседі.

  • Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

  • Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

  • Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

  1. Өрлеу фазасының сипаттамасы:

  • Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

  • Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

  • Тауарлардың бағасы өседі.

  • Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

  • Несиеге сұраныс өседі.

Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.Өнеркәсібі дамыған елдердегі экономикалық даму циклді сипатта: құлдырау, өрлеу, қаржылық дағдарыс, жандану, қайта құлдырау, қайта жандану және т.б. Осы фазалар спираль тәрізді тәртіппен жүреді, прогрессивті қозғалыс.
Экономикалық циклдардың себебін шартты түрде сыртқы (экзогенді), ішкі ( эндогенді ) және аралас факторларға бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет