Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Тақырып бойынша қосымша сұрақтар



бет63/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89
Тақырып бойынша қосымша сұрақтар:

    1. Сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы.

    2. Күтілетін және күтілмейтін инфляция

    3. Инфляциялық серіпініне әрекет ету механизмі.

    4. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі.

    5. ҚР-дағы жұмыспен қамту саясаты



Негізгі ұғымдар: инфляция,жұмыссыздық,сұраныс инфляциясы, шығын инфляциясы, құрылымдық жұмыссыздық, фрикциондық жұмыссыздық,маусымдық жұмыссыздық, Оукен заңы, Филлипс қисығы.
Тақырып 13. Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі

13.1Қаржы және қаржы жүйесінің мәні. Мемлекеттік бюджет және құрылымы.


13.2 Салық және оның мәні. Салықтың түрлері. Лаффер қисығы.
13.3Ақша жүйесі және оның ұлттық экономикадағы рөлі. Несиенің мәні және оның нысандары.
13.4 Қазіргі банк жүйесі және оның құрылымы. Қазақстанның Ұлттық Банкі: мақсаты, міндеттері, қызметтері.


13.1 Қаржы және қаржы жүйесінің мәні. Мемлекеттік бюджет және құрылымы
Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады.
Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары Қазақстан Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.
Қаржы саясаты - қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Қаржы - белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына, яғни қаржы жүйесіне:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет