Тақырып бойынша қосымша сұрақтар: Экономикалық өсу неден көрінеді? Экономикалық өсудің қарқыны қандай көрсетшіштердің көмегімен сипатталады?
Экономикалық өсу қандай жағдайда пайда болады?
Экономикалық өсу қандай түрлерге бөлінеді?
Экономикалық өсудің факторын атаңыздар.
Экономикалық өсудің факторларын қандай топтарға бөлуге болады?
Экономиканың циклдылығы. Цикл сатыларының сипаттамасы.
Экономикалық дағдарыс. Дағдарыстың жіктелуі және кезеңділігі.
Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат.
Негізгі ұғымдар: экономикалық өсу, экономикалық цикл, дағдарыс, жарым-жартылай дағдарыс, салалық дағдарыс,аграрлық дағдарыс, құрылымдық дағдарыс. Тақырып 12. Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
12.1 Инфляция түсінігі және түрлері. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары. Инфляцияға қарсы саясат.
12.1 Инфляция түсінігі және түрлері. Инфляцияның экономикалық салдары. Инфляцияға қарсы саясат Инфляция термині латын сөзі – inflatio – вздутие – кампаю – деген ұғымды береді.
Инфляция дегеніміз қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын єлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нєтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді.
Инфляция – айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Бұл жағдай ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляцияның бірнеше түрі бар.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.