Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Шығын (ұсыныс) инфляциясы



бет60/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

  • еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;

  • көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;

  • бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;

  • энергетикалық дағдарыс.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

  • алтынға;

  • тауар;

  • шетел валютасына.

Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  1. Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:

    • ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;

    • Басыңқы инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады; Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл КСРО – да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл нарық шартына сәйкес) және тепе – теңдіктен төмен болады. Содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады. Қажет тауарда іздеуді сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп бұдан ақша өндірісті айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.



  2. Таралу орнына қарай:

    • локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

    • дуниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

  3. Бағаның өсу қарқынына қарай:

    • баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;

    • орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

    • ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.

Инфляцияның пайда болу себептері





Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы

Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы

Өндіріс шығындарының өсуі

Елдің экономикасының ашықтығы

Инфляцияның зардаптары:





  • елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әртүрлі топтарының арасында бөліске түседі;

  • инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкердердің тәуекелін өсіреді;

  • қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиленісті күшейте түседі;

  • ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі;

  • шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол- капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.



    1. Кесте Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі (%)








2016 ж. қаңтар
2015ж. желтоқсанға

2015ж. қаңтарға



2010ж. желтоқсанға



Тауарлар мен қызметтер

1,3

14,4

47,4

Азық-түлік тауарлары

1,8

11,6

44,8

Азық-түлік емес тауарлар

0,9

23,8

50,1

Ақылы қызметтер

1,2

8,6

47,5



2015 жылдың қаңтар-қараша айында Қазақстандағы инфляция деңгейі 12,3%-ды құрады, деп хабарлайды.


Азық-түлік тауарларының бағасы он бір ай ішінде 9,6%-ға, азық-түлік емес тауарлардың көлемі – 21,3%-ға, ақылы қызмет түрлері – 6,7%-ға артты.
Жыл басынан бері жеміс-жидек бағасы – 29,9%, күнбағыс майы – 27,7%, консервіленген көкөністер – 20,7%, қант – 19,6%, балық және теңіз өнімдері– 18,4%, алкогольсіз сусындар – 15,2%, ұн өнімдері – 14,6%, кондитерлік өнімдер – 13,9%, консервіленген сүт жәні қарақұмық жармалары – 13,1%, нан – 11,8%, жұмыртқа – 10,5%, макарон өнімдері – 9,1%,ет өнімдері – 8,5%-ға қымбаттаған.
Баға өсімі тоқыма өнімдерінде 33,8%-ды құрады. Киім, аяқ киім – 31,6%, әйнек және керамика – 31,3%, жиһаз және үйге қажетті тауарлар – 29,8%, фармацевтикалық өнімдер – 28,8%, кітаптар – 23,7%, тұрмыстық тауарлар – 22,2%, көлікке қатысты қосымшалар – 19,6%, автокөліктер – 18,1%, жеке тұтыну тауарлары – 16%. Мотор майларының бағасы – 33,1%, бензин – 6%-ға қымбаттады. Ал дизельдік жанармай 9,7%-ға арзандаған.
Кабелдік телеарна қызметтерінің бағасы – 50,9%, кешенді демалу орынары – 18,4%, денсаулық сақтау – 11,2%, қоғамдық тамақтану – 11%, мәдениет және ойын сауық орындары – 8,9%, сақтандыру – 7%, жеке қызмет көрсету және шаштараз қызметі – 6,4%-ға артты.
Тұрғын үй коммуналдық тарифтері: суық су – 12,7%, канализация – 10,3%, электроэнергия – 8,5%,ыстық су – 7%, орталық жылыту қоры – 5,1%-ға қымбаттады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы инфляция дәлізі 2015 жылы 6-8%-дан 8-10%-ға артқан болатын. Ал ЕАЭО елдері арасындағы инфляция 14% болды.
Антиинфляциялық саясаттың мақсаты инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай – несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады. Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.
1) жанама әдістер: а) оларды орталық банктың басқаруы арқылы ақшаның жалпы салмағын реттеу; ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу; б) коммерциялық банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда құнды қағаздармен операциялары.
2) Тура әдістер: а) мемлекеттің несиелерді және сонымен бірге ақшалай салмақты тура және тікелей реттеуі; ә) бағаларды мемлекеттік реттеу; б) жалақыны мемлекеттік (кәсіподақтармен келісу бойынша) реттеу; в) сыртқы сауданы, капиталды әкелу мен әкету және валюта бағамын мемлекеттік реттеу.
Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?
Бұл екі ұшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.) .
Инфляцияға карсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.
Екінші әдістемені жана классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін кояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертсді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде ипфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану кажет.
Бұл шаралар жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.
Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.
Күнделікті сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.
Инфляцияға қарсы саясаттық байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет