Несиелік жүйенің негізгі элементтері: І Орталық (эмиссиялық банк)
ІІ. Банктік жүйе:
коммерциялық банктер
жинақ банктері,
инвестициялық банктер,
ипотекалық банктер,
басқа да мамандандырылған банктер.
ІІІ. Сақтандыру ұйымдары:
сақтандыру компаниялары,
зейнетақы қорлары.
ІҮ. Мамандандырылған банктік емес несие қаржылық институттар:
инвестициялық компаниялар,
қаржылық компаниялар,
қайырымдылық қорлары және т.б.
13.4 Қазіргі банк жүйесі және оның құрылымы. Қазақстанның Ұлттық Банкі: мақсаттары, міндеттері, қызметтері Алғашқы Банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе, 1716—1720 жылы Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемл. қағаз ақшаға айналды. Басты мақсаты пайда табуды көздеген Б. өнеркәсіп пен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне тарта бастады. Олар қарызға металл ақша беруден енді ірі өндірісшілерге борышқорлық міндеттемелер арқылы кредит беруге және клиентінің ағымдағы есепшотына ақша аударуға көшті, сөйтіп қарыз капиталының қозғалысын ұйымдастыратын ерекше қаржы кәсіпорны ретінде өріс алды. 20 ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы Банктердің рөлін едәуір өзгертіп, Банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде кредит беруге көше бастады. Олар, көбіне, ұзақ мерзімді қарыз беруге (8 — 10 жылға дейін) ұмтылды. Өнеркәсіп, транспорт, сауда және басқа да акцион. қоғамдардың құнды қағаздарын (акциялар, облигациялар) рынокқа шығару және орналастыру нәтижесінде Банк өнеркәсіппен етене жақындасып, кәсіпорындардың құнды қағаздарының бақылау пакетін өз қолына шоғырландырды. Осының нәтижесінде 20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ұлыбритания мен Германияда ірі-ірі Банктер екшеліп шықты. Банк жұмысы барған сайын өркендеп, енді олар жәй делдалдық рөлінен асып, барлық ірі саудагерлер мен ұсақ қожайындардың бүкіл ақша капиталын жинап, белгілі бір елдегі өндіріс құрал-жабдықтары мен шикізат көздерінің көбін билеп отыратын монополиялық құрылымға айналды. Мысалы, 1979 жылы Жапониядағы 13 “қалалық банк” (Мицубиси бэнк, Сумитомо бэнк, т.б.) бүкіл кредит жүйесіндегі активтердің 46%-ін өз қолында ұстады. Ал Ұлыбританияның кредиттік жүйесін 4 банк монополиясы: Нэшнл Вестминстер бэнк, Барклейз бэнк, Мидлэнд бэнк және Ллоидз бэнк билейді. Нью-Йорктегі аса ірі банктер — Чейз Манхеттен бэнк пен Кемикл бэнк қаржылық-монополистік Рокфеллер тобы арқылы жұмыс істеді. Ол ірі өнеркәсіп салаларын (“Боинг”, “Геркулес”, “Монсанто” компанияларды, т.б.) өз уысында ұстап отыр.
Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт.
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер.
Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.
Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Банк мекемелерінің басты табыстарының көзі қарыздар бойынша алатын проценттері. Банк ресурстарын құрайтын және оған табыс әкелетін несиелік операциялар- активттер, ал банк ресурстарын орналастыруға байланысты операциялар – пассивтер деп аталады.
Банк ресурстарына банктердің өз капиталдары және олардың клиенттеріне тиісті ақша салынымдары немесе депозиттер кіреді. Сонымен бірге, банктердің қор операциялары акция, облигация сияқты бағалы қағаздармен жасалатын операциялар болып табылады. Оларға бағалы қағаздар және банктік инвестиция бойынша берілетін қарыздар жатады.
Бағалы қағаздармен қамтамасыз етілмеген операцияларды бланкілік несиелер деп аталады.
Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:
І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.
ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;
Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;
банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.