Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А



бет69/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89
Несиенің түрлері



Несиелеу объектісі бойынша

Әрекет ету мерзімі бойынша

Несие сипаттамасы бойынша


-коммерциялық (тауарлы)

  • банктік

(ақшалай)

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)

-орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін),

  • ұзақ мерзімді (5 жылдан астам)



- тұтыну,
- ипотекалық,

  • Мемлекеттік,

  • Халықаралық


Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты — тауарларды өткізуді жылдамдату.
Банк несиесі. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне сауданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20% - ті құрайды, ал, қалғаны – тартылғанресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар). Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк саудаға береді. Банк несиенің үшінші ерекшелігі – банкақшалай қаражатты саудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда аладыәрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен, және сомасымен шектеліп қалған.
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталына арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет