Тұтыну несиесі – бұл тұрғандарға тұтын тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсаттарына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиенің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан — тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелдік, әсіресе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен жағдайына көрінеді.
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемелекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде – бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақсатнда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп тұрады.
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиатының қозғалыс форомасы. кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Лизингілік несие. Қазақстан 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып келеді. Лизинг – бұл негізгі құрал – жабдықмүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүліктісатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметінің түрі.
Лизинглік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілер комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.