Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Капитал нарығы және оның құрылымы. Капитал және инвестиция



бет44/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

9.3 Капитал нарығы және оның құрылымы. Капитал және инвестиция
Капитал ретіндегі ақша қозғалысының толық түрі А – Т – А түрінде болады, мұнда А - А+А, яғни бастапқы алдын ала жұмсалған ақша сомасына тең және өсім. Осы өсімді немесе бастапқы алдын ала жұмсалған құннан артық құнды К.Маркс қосымша құн (m) деп атады. А – Т – А қозғалысы бастапқы алдын ала жұмсалған құнды капиталға айналдырады. Бұл айналысқа алдын ала жұмсалған құн тек сақталып қана қоймайды, сонымен қатар оған қосымша құнның қосылуы есебінен артады. Сөйтіп, капитал дегеніміз – бұл өздігінен артатын құн немесе қосымша құн әкелетін құн.
Сонымен, біріншіден, капитал дегеніміз – зат емес, бірақ заттар арқылы көрініс табатын және сол заттарға ерекше қоғамдық сипат беретін, белгілі бір қоғамдық қатынастар болып табылады.
Екіншіден, барлық элементтері үнемі қозғалыста болатындар ғана капитал бола алады. Ақша үнемі қозғалыста болған жағдайда ғана капиталға айналады.
Үшіншіден, капитал дегеніміз жалдамалы жұмысшы жасаған, өздігінен өсіп, ұлғайып отыратын құн.
Жұмыс күшінің – тауар ретінде екі қасиеті болады: жұмыс күшінің құны және тұтыну құны.
Жұмыс күшінің құны дегеніміз оны ұдайы өндіруге, оның үстіне қалыпты сапалы етіп, ұдайы өндіруге қажетті тіршілік заттарының құны болып табылады. Өндірістің дамуына, өндіріс құрал-жабдықтарының прогресіне байланысты жұмыс күші де өзгеріп отырады. Жұмыс күші құнының төменгі немесе минимальды шегі жұмысшының өмір сүруі үшін, оның еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін қажетті тіршілік заттарының құнынан құралады.
Жұмыс күшінің тұтыну құны дегеніміз – қосымша құн өндіру қабілеттілігі. Өндіріс иелерін қызықтыратыны да жұмыс күшінің дәл осы ерекше тұтыну құны.
Жұмыс күші тауардың тұтыну құны оны дәл пайдалануда, тұтыну процесінде көрінеді. Жұмыс күші тауарды тұтыну процесі дегеніміз – тауар өндіру, құн және қосымша құн өндіру процесі. Басқа тауарлардан өзгеше, жұмыс күші оны тұтыну процесінде құн өндіреді, өндіргенде, өз құнынан артық құн өндіреді. Жұмысшының, өзінің жұмыс күші құнынан артық өндірген құны қосымша құн болып табылады.
Сонымен, капиталдың әрбір бөлігі құн жасау процесіне әртүрлі қатысып, оның өсуіне (көбеюіне) әртүрлі үлес қосады. Осы сипатына байланысты К. Маркс капиталды екі түрге бөлді: тұрақты және өзгермелі. Капиталдың, өндіріс құрал-жабдықтарына айналатын және еңбек процесінде өзінің құн мөлшерін өзгертпейтін бөлігін К. Маркс тұрақты капитал деп атады ( с-латын әрпімен белгіледі).
Капиталдың жұмыс күшіне айналатын және өндіріс процесінде өз құнын өзгертетін (өйткені жұмыс күші өз құнының эквивалентін өндіреді және оған қоса қосымша құн жасайды), бөлігін К. Маркс өзгермелі капитал деп атады (v-латын әрпімен белгіледі).
Жұмысшының бір күн ішінде жұмсайтын еңбегі – қажетті және қосымша еңбек болып бөлінеді.
Қосымша құн өндірудің үш әдісі бар. Олар: абсолюттік, салыстырмалы және артық қосымша құн.
Абсолюттік қосымша құн – жұмыс күнінің ұзақтығын арттырып қажетті жұмыс уақытын өзгертпей бұрынғы қалпында қалдырады да, қосымша жұмыс уақтысын ұзартады.
Салыстырмалы қосымша құн – қажетті жұмыс уақытын қысқарту және қосымша жұмыс уақытын соған сәйкес тиісінше арттыру арқылы алынатын қосымша құн.
Артық қосымша құн – жекелеген кәсіпорындарды ғылыми- техникалық революцияның нәтижелерін өндіріске енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру жолымен алынған қосымша құн.
Қосымша құнның салыстырмалы мөлшері өзгермелі капиталдың өсу дәрежесі қосымша құнның өзгермелі капиталға қатынасымен белгіленеді. Пайыз түрінде көрсетілген бұл қатынасты қосымша құн нормасы дейміз. Қосымша құн нормасы m әрпімен белгіленеді. Біз айтып отырған қатынасты мына формулаға түсіреді: Ол қосымша құн формуласы болады.
Капитал өзінің қозғалысында үш сатыдан өтеді.
Ақшалай түрі. Өнімдік түрі. Тауарлы түрі.
Жк
А--Т< .........Ө........ Т'—А'
Өн. қ. ж.
I саты ІІ саты ІІІ саты
Айналыс саласы Өндірістің өнімдік Айналым саласы
саласы
Сонымен, капитал өз қозғалысында қалыпты жағдайда үш сатымен үш түрге ие болады: ақшалай, өнімдік, тауарлы. Капиталдың қалыпты жағдайда бір функционалды түрден басқасына ауысуы және оның бастапқы түріне оралуы капиталдың шеңбер айналымы дейміз.
Капитал өз қозғалысында өндіріс сатысынан және екі айналыс сатысынан өтеді. Ол өз айналымын белгілі бір уақыт кезеңінде жасайды.
Капитал шеңбер айналымының жеке акті ретінде емес , ұдайы қайталанып отыратын қозғалыс процесін капитал айналымы дейміз.
Капиталдың айналым уақыты—бұл капиталдың айналым аясындағы болу уақыты. Егер, капиталдың айналым уақыты 3 айды құраса, онда оның айналым саны 4-ке тең болады (12:3), яғни капитал бір жылда 4 айналым жасайды, бұл капиталдың тауар сатып алу уақыты (А-Т) мен өнім өткізу уақыты (Т-А).
І саты-бұл айналыс аясында ақшалай капитал өндіргіш капиталға айналады. Өндіруші авансыланған ақшасына өндіріс құралдары мен жұмыс күшін сатып алады, бұл тауар өндірісін ұйымдастыруға қажет шығындар.
ІІ сатыда өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлы формаға ауысады. Нарықта сатып алынған өндіріс факторлары: өндіріс құралдары мен жұмыс күші өндіріс процесінде қосылып қажетті құндылығы және пайдалылығы бар тауар өндіріледі.
ІІІ сатыда , бірінші сатыға ұқсас айналыс аясында тауарлы капитал өсімді құнмен ақшалай формаға ауысады.
Міне, осындай ізділікпен капиталдың бір функционалды формадан екінші формаға ауысуы және оның үш сатыдан өтуі капиталдың шеңбер айналымы дейміз.
Өндіргіш капитал (қорлар) екі бөліктен құралады, олардың құны шеңбер айналымның барлық циклінен өтіп әртүрлі мерзімде кәсіпкерге ақшалай формада қайтып келеді. Өндіргіш капиталдың мұндай бөліктерін: негізгі және айналмалы капитал дейміз.
Негізгі капитал: 1.Өзінің натуралды формасын (пайдалылығын) ұзақ мерзім сақтайды; 2.Көптеген шеңбер айналымдарға қатысады; 3. Дайындалатын өнімге өзінің құнын бөлшектеп еңгізіп отырады.
Негізгі капитал өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады. Әдетте ол жабдықтар, машина, станок, үйлер мен алып құрылыстың құнына еніп кетеді.Егер, (станок, машина, алып құрылыстар) 10 жыл қызмет етсе, ал оның құны 100 мың долларға тең болса, онда ол 1 жылда өндірілген өнімге 0,1-ге өзінің құнын бөлшектеп жайлап енгізу процесін амортизация дейміз. Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозу олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады.
Негізгі капиталдың тозуы екі формада болады: табиғат күшінен (физикалық) тозу және моральдық тозу. Моральдық тозу өз кезегінде екі түрге бөлінеді:
1. бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан арзандау;
2. бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан өнімділеу және үнемділеу.
Амортизациялық төлемдер өнімнің өндірістік шығындарына енеді және оның өткерілуінен кейін кәсіпорын есебінде ақшалай қор түрінде қорланып, амортизациялық қорды құрайды.
Негізгі капиталдан басқа айналмалы капитал бар. Ол шикізат, жанар-май, қосымша материалдар, электроэнергия және жұмыс күшіне енгізіледі.
Айналмалы капитал:
1. өндіріс процесінде натуралды форма басқа пайдалылыққа ауысады;
2. бір ғана шеңбер айналымға қатысады;
3. өзінің құнын дайындалатын өнімге толық ауыстырады.
Капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайыз деп аталады. Несие пайызы – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие пайызы капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады.
Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшерілеме болып бөлінеді. Номинальды мөлшерлеме – бұл инфляцияның өсімін есепке алмай, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшерлемесі. Нақтылы мөлшерлеме - номинальды мөлшерлеме мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық. Мысалы:
жылдық номиналды мөлшерлеме – 15%,
алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 % (жылына)
нақтылы мөлшерлеме (15-7) = 8%
Капиталға деген сұраныс инвестицияның пайдалылығына, экономиканың дамуына, мемлекеттің сұранысына, салым мерзіміне, салым салу саласына, тәуекелге және басқа да факторларға тәуелді.
Инвестициялар – пайда табу мақсатымен немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізетін қызметтің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар жалпы және таза инвестицияларға бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет