Абсолютжер рентасы – капитал жер рентасынын бір түрі; ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар жасайтын қосымша құнның бір бөлігі. Жерге жеке меншік монополиясы болғандықтан, мұны жер иесі иемденеді.
Дифференциялдық рента — монополияланған табиғи күші бар учаскелердегі индивидуалдық өндірістік баға мен нарықтағы қалыптасқан бағаның айырмасы болып табылады. Жер меншігі артық пайдаға қатынасы жоқ, бірақ ол оның жер рентасы нысанына айналуының себебі болып табылады. Сондықтан рентаны еңбекпен келмеген табыс деп атайды.
Дифференциалдық рентаның екі түрі бар:
дифференциалдық рентаның болуы жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты. Осы рента құнарлылығы жоғары жерлерден алынатын, құнарлылыққа байланысты рента болып және стратегиялық жағынан материалдарға, еңбекке, тұтынушыларға қолайлы орналасқан жер учаскелерінен алынатын рента болып бөлінеді.
дифферендиалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және капиталдың үстеме салымын яғни, жердің құнарлылығын өсіруді, прогресивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды т.б. тілейді. Нәтижесінде өнімділік жоғарылайды, шығындар тез өтеледі. Кәсіпкер үстем пайда түсіреді.
Екінші дифференциалды рента егін шаруашылығының стимулын күшейтеді. Бұл айырмашылық келісім шарттың мерзімі өткенше арендаторға түседі. Ал аренда мерзімі біткен соң, бұл да жер иесінің қарамағына түседі. Осы жағдай нарық экономикасын аграрлық секторға енгізудің өте зор кедергісі болып табылады.
Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады.
R ЖБ = — х 100% S Мұнда: R – рента, S – несие пайызы ЖБ – жер бағасы.
Сонымен, жалақы, пайыз және рента – бұл өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын табыстар.
Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық.
Пайданы есептеу әдістері мен түрлері: 1.Жалпы пайда = жиынтық табыс – өндіріс шығындары
2.Экономикалық пайда = жиынтық табыс – барлық ресурстарға экономикалық шығындар
3. Бухгалтерлік пайда = жиынтық табыс – нақты шығындар
4. Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда – өндірістін нақты емес шығындары
5. Таза пайда = жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер
6. Шаруашылық пайда = қалыпты пайда + экономикалық пайда
7. Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар
КЕЙС 3 Қазақстанға капитал тартымдылығы мен даму тәжірибесіне байланысты инвесторларды қызықтыратын үш аймақты қарастыруға болады.
Біріншісі Астана болып табылады және экономиканың әр түрлі секторларына инвестиция тарту 2000ж. 56 млрд. құрады.
Өте жоғарғы қарқынмен құрылыс жүргізілуде. Қала жаңа қазіргі заманғы талаптарға сәйкес әкімшілік- шаруашылық және тұрғын үй ғимараттарымен көркейтілуде. Архитектуралық жоғарғы сапа және қазіргі дизайн еліміздің астанасына көрік беріп тұр.
1999ж. бастап Астана қаласының «Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендірудің қалалық бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар және халық 2001ж. маусымында жалпы көлемі 104586 шаршы метр болатын 727 пәтер тұрғызды және 2003ж. маусымымен салыстырғанда тұрғын үй салу 1,3 пунктіге өскен.
Қала халқы жоғарғы қарқынмен өсіп, 2005ж. 529,3 мың адамға жеткен. Сондықтан, қаланы тұрғызудың жаңа көзқарастарының бағдарламаларын жасау қажет.Оның даму Есіл өзенінің оң жағында орналасқан ескі қаланы қайта салу арқылы және сол жағалауға ірі құрылыс жүргізу арқылы жүзеге аспақ.Қазіргі кезде шет елдік компаниялармен бірлесіп қаланың жаңа бас жоспары қарастырылуда. Өзеннің сол жақ жағалауында жаңа әкімшілік орталық салынады деп күтілуде. Қаланың өсуіне жағдай жасайтын ірі құрылыс құрылымдары үшін территория ізделінуде. Басты инвестициялық жобалардың ішінде – «Астана- сити» деңгейлі іскер және мәдени кешенді салу тұр. Ол қаланың орталығында орналастырылып, бизнес орталықтарды, экспозициялық орталықты, мейрамханаларды және де басқа нысандарды біріктіреді.
Бұдан басқа, қаланың сол жақ жағалауын тұрғызудың негізгі инженерлік обьектілері су және электр қуатымен, жол мен көпірлерді, территорияны инженерлік қорғау, байланыс және коммуникациямен қамтамасыз етуді қарастырып отыр. Жалпы Есіл өзенінің сол жағалауын тұрғызуға 300 млн.$ жұмсалады. Осы ауданда құны 12 млн.$ болатын дипломатиялық қалашық орналасуы қажет.
Қаланы салу жоспарына кірпіш және басқа да материал өндіретін зауытты салу да бар. Қазіргі уақытта қала троллейбус паркін жаңарту мен қайта жөндеуге мәжбүр. Сонымен қатар, Астана қаласы мен Вячеслав су қоймасын біріктіретін су құбырын салу жобасы қарастырылып отыр және ол қала әкімшілігінің айтуынша ауыз су сапасын да жоғарылатуға сапасын тигізеді. Осы жобаны қаржыландыруды француздық несие бағытына бері жоспарланып отыр.
Келесі аймақ Алматы болып табылады. Алдыңғы қатарда қаланы дамытудың нақты стратегиялық жоспарлар, сонымен қатар, ағымдағы жылдың салалық бағдарламалары мен орта мерзімді перспективалар алынған.
Қазіргі таңда Алматыда өндірілетін өнімнің 80%-нан астам өнім жеке меншік негізінде өндіріледі.
Тағы бір оң фактор – тұрғын үй құрылысының өсуі. Сонымен қатар, салынған үйлер жеке капиталдан тартылған. Капиталды құрылыс саласында коммерциялық негізде аяқталмаған құрылысты бітіруге қызығушылықтар бар. Қазіргі кезде Алматы қаласындағы әр түрлі құрылыс дайындықтағы 20%-дан 80% -ды қамтитын 400 мың шаршы метр жер бар. Қалалық билік әсіресе, өнеркәсіптік өндіріс, транспорт, құрылыс және басқа да әлеуметтік теңсіздікті тудыратын салалларға көңіл бөлуде. Алматы қаласын еркін кәсіпкерлік қаласы деп жариялағаннан соң кей салада өсу байқалып, шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен әсер етті. Қазіргі кезде қалада Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметі бойынша 39740 шағын және орта бизнес қызмет етеді. Ірі жобалардың ішінде троллейбус шығаратын «Шкода» біріккен кәсіпкерлік компаниясының, «Алматы маргарин зауыты» АҚ-ның және «LG Электроникс» зауытының қызметтері бағаланды.
Осыған байланысты, Алматыда алғашқы өнеркәсіптік аумақтар мен бизнес-инкубаторлар даму алды. «ТИКО» қазақ-түрік қоры арнайы 3 мың шаршы метр көлемді алатын өнеркәсптік зона құруды көздеп отыр.
Басты мәселе қаланың ішіндегі транспорттық құрылысты шешу болып отыр. Кейінгі кезде қалаішілік тасымал магистралінің даму өткір мәселе болып отыр. Алматы әкімшілігі үкіметтен ішкі қарыз есебінен 700 млн. теңгеден аса қарыз алуға рұқсат алды. Әкімшілік қаладағы барлық асфальт қабатын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Екінші жағынан, әкімшілік қала территориясынан автомайқұю бекеттерін алып тастап, оның орнына «Қазақойлдың» қатысуымен май құю бекеттерінің кешенін соғуды көздеп отыр. Осы кешенді салу үшін 20 жер участогы бөлінді.
Келешекте Алматы әкімшілігі қалалық туризмді қолға алу шараларын қабылдауда. Ең алдымен, ол нормативтік- құқықтық қамтамасыз ету, туристерді қызықтырудағы кедергілерді азайтуға және инфрақұрылымды дамытуға тиесілі.
Келесі аймақ Қызылорда облысымен аяқталады. Мұнда регионның шикізаттық базасын дамыту көзделген. Арал бассейнін барлау 75 млн. тонна мұнай мен 2,3 трлн. шаршы метр газдың бар екендігін болжады.
Қазіргі таңда мұнай өңдеумен 4 біріккен кәіспорын айналысады және оған шет елдік компания тарапынан 193 млн.$ инвестиция тартылған. Жыл сайын территория аумағында 3 млн. тонна мұнай өңделеді. Облыстың мұнай-газ кешенінің дамуы екі маңызды инвестициялық жобалардың жүзеге асуына байланысты. Оның біріншісі – мұнайды өңдеу зауытының құрылысы, бұл тағы қосымша 500 мың тонна мұнай өндіруге және республиканың оңтүстігінде мұнай өңдеуші базаның альтернативасы болуға кепілдік береді. Екіншісі – 75 млн.$ құны бар газды утилизациялау, ол Оңтүстік Қазақстанды толығымен газбен қамту мәселесін шешеді.
Қызылорда облысы республикада полиметалл қоры бойынша үшінші орынды алады. Мұнда уранның 17%, ванадийдің 90%- ы, мырыштың - 15%-ы орналасқан. Барлау жұмыстарының нәтижесінде онда алтынқұймалы, титанды және басқа да кен түрлері анықталған. Кен қазбаларынан басқа аймақтың үлесіне республикадағы тұздың 60%-ы, толық құрылыс материалын өндіру үшін толық жағдай бар. Шыны өнеркәсібінің дамуы үшін кварц құмының көп мөлшері ашылған.
Талқылауға арналған сұрақтар: Алматыда қаланы дамытудың стратегиялық жоспары бойынша қандай нәтижелер алынды?
Неліктен Алматы қаласының билігі өнеркәсіп өндірісі саласында, транспорт және құрылыс саласында байланыстарды кеңейтуга үлкен мән береді?
Алматыны еркін кәсіпкерлік қаласы деп жариялағаннан соң қандай жетістіктерге қол жеткізілді?
Астананы жаңа жоспар бойынша салу немен байланысты? Қаланың бас жоспарын құрастырудың мәні неде?
Астана қаласының әкімі ауыз су сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қолдануда?
Қызылорда облысындағы мұнайгаз кешенін болашақта дамыту неге байланысты?
Қазақстанның 3 аймағының қайсысы стратегиялық маңызы жоғары болып табылады?
Неліктен экономикалық реформалар жүргізудің ауыртпалығын аймақтарға бөлген?
Шет ел инвесторлары үшін өнеркәсіптің қай салалары тартымды болып табылады?
Шет елдік инвесторлардың мүдделері ҚР-ның ішкі мүдделерімен сәйкес келеді ме?