Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А



бет45/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Жалпы инвестициялар– тозған негізгі капиталды ауыстыруға (амортизацияға) кеткен шығындарды да және өндірісті кеңейтуге кеткен инвестициялар өсімін де қамтыған капитал жұмсалымының барлық мөлшері.
Таза инвестициялар– бұл жалпы инвестициялардан негізгі капиталдың амортизациялық сомасын алып тастағандағы қалдық.
Инвестицияларға деген сұранысты анықтайтын факторларға жататындар:

  • болашақтағы пайда нормасы;

  • банк пайызының ставкасы.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және портфельдік (жанама) болып бөлінеді.
Тікелей инвестиция: тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды сипаттайды.
Портфельдік инвестициялар пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқа да бағалы қағаздар сатып алуларын білдіреді.
Халықаралық практикада инвестиция деп капиталдың екі бағытта пайдалануын айту қабылданған:
1. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т. б. жұмсалымы;
2. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.


9.4 Жер нарығы. Жер рентасы. Жер бағасы. Пайда кәсіпкерлік табыс ретінде
Жер рентасы – ауыл шаруашылығында тікелей өндірушілермен құрылатын және жердің меншік иесі иеленетін қосымша өнімнің бөлігі. К.Маркс рентаны жерге меншікті жүзеге асыратын экономикалық форма деп санады. Буржуазиялық экономистердің бірі У.Петти жер рентасын қосымша өнім формасы, ал жердің бағасын капиталданған рента түрінде қарастырды. Физиократтар Ф.Кэне, Ж.Тюрго және басқалары егін шаруашылығында құрылатын қосымша құнды топырақтың табиғи құнарлылығымен байланыстырып, оны "табиғаттың сыйы" деп атады. А.Смит еңбек құн теориясы негізінде рента пайда сияқты еңбектің нәтижесі болатындығын дәлелдеді. Оның теориясына сәйкес тауардың құны үш құрамдас бөлікке: жер рентасына, пайдаға, жалақыға бөлінеді және жердің меншік иесі, капиталист - кәсіпкер, жұмысшылар арасында табыстың бөлінуіне сәйкес келеді. Ол жер рентасын адамның туындысы ретінде санауға болатынның барлығын өтегеннен немесе шығарып тастағаннан кейін қалатын табиғаттың туындысы ретінде анықтайды. Маркстік саяси экономия А.Смиттің бұл теориясын жоққа шығарады, яғни жер рентасы мен пайда құнның көзі бола алмайды, өйткені тауардың құны оны өндіруге кететін қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталынады және жердің табиғи құнарлылығы басқа да табиғат күші сияқты қосымша пайда көзі болмайды. Рентаның экономикалық табиғатын Д.Рикардо көрсетіп берді. Ол нарықтағы бидайдың бағасы өндіріс шығындарына тәуелсіз бірдей болатынына көңіл аударады. Ол "нан бағасы рента төлегеннен қымбат емес, рента нан бағасы қымбат болғандықтан төленеді. Жер иемденушілер өздерінің ренталарынан бас тартқан жағдайдың өзінде де нан бағасы төмендемес еді". Ал бұл жақсы жерде шаруашылық жүргізуші бидай өндіруші нашар жерде шаруашылық жүргізуші өндірушіге қарағанда қосымша табыс алады деген сөз. Осы қосымша табысты Д.Рикардо жер рентасы деп атады. Рикардо сондай-ақ рентаның жердің санының шектеулілігі мен сапасының әртүрлілігіне байланысты төленетіндігін көрсетеді.
К.Маркс жерге жеке меншік пен өнеркәсіпке қарағанда егін шаруашылығында капиталдың органикалық құрылымының төмендігімен байланыстыра отырып, абсолютті жер рентасына ерекше мән берген. Бұл рента теориясының мәні капиталдың органикалық құрылымының ауыл шаруашылығында өнеркәсіпке қарағанда төмендігімен, демек егін шаруашылығындағы тауардың құны оның өндіріс бағасынан жоғары болатындығымен сипатталады. Ауыл шаруашылығында жалдамалы жұмысшылар еңбегімен құрылатын қосымша құн бөлігін көрсетететін ауыл шаруашылық тауар құнының қоғамдық өндіріс бағасынан артығы абсолюттік рентаның субстанциясын құрайды. Алайда капиталдың органикалық құрылымындағы айырмашылықтар абсолюттік рентаның пайда болуының себебі болмайды. Оның мәні жерге меншік монополиясы егін шаруашылығына капиталдың еркін құйылуына кедергі келтіретіндігінде және қосымша құнның артығы жердің меншік иесіне тиесілі екендігімен түсіндіріледі. Маркс абсолюттік рентаны жерге меншік монополиясымен байланыстыра отырып, жерге жеке меншік егін шаруашылығының дамуын тежейді деген қорытындыға келеді.
Жер нарығын қарастырудың алдында жерді иемдену және жерді пайдалану сияқты негізгі екі ұғымды түсініп алу керек. 
Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның тарихи қалыптасқан жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген құқығын анықтауды және соны мойындауды айтады. Жерді иемденуді оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады. Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар жүзеге асырады. Қазіргі экономикалық теорияда жер категориясы ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес мақсаттарда қолданылатын өндіріс үдерісінің басты құралы және шешуші факторы ретінде сипатталады. Қоғамдық өндірістің негізі бола алатын жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды. Біріншіден, жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады: жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы, жердің адам іс-әрекетінің нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде қарастырылуы, рента түрінде табыс әкеле алуы және оның бағасының болуы, т.б. Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші өнеркәсіпке қажетті, кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған алаң ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу мүмкіндігі, т.б. Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады: мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін Жер-ана атқарады.
Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы және ерекшелігі мыналардан көрінеді:
1. Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады.
2. Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады.
3. Жердің қозғалмайтындық сипатта болады.
4. Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез-келген түрінде қолданыла береді.
5. Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады.
Сонымен, жердің саны және оның ұсынысы шектеулі болғандықтан, жер нарығында белсенді рөлді оған деген сұраныс ойнайды. 
Жерге деген сұраныс – бұл белгілі бір мақсаттарда жер учаскелерін уақытша жалға алып пайдалануды немесе оны сатып алуды білдіретін қатынастар. Жерге сұраныс біркелкі болмайды, себебі ол ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес сұраныстар болып бөлінеді. Алдымен, жерге сұраныс ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныстан туындайды. Ал ауыл шаруашылықтық емес сұраныс тұрғын үйлерді, инфрақұрылым нысандарын, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін қажетті сұраныстармен байланысты. 
Жердің ұсынысы – бұл жер учаскесін оның қалыпты күйінде нарықтық қатынастар тұрғысынан сата алуын және немесе жалға беруін білдіретін қатынастар.
Жердің ұсынысын мынадай екі негізгі фактор анықтайды:
1. Жердің құнарлылығы
2. Жер учаскесінің нарыққа алыс немесе жақын орналасуы.
Жер нарығындағы тепе-теңдікті оны бағасы – жер рентасы анықтайды. Жерге деген сұраныс көлемі рентаның мөлшеріне байланысты және оның қисығы кемімелі, теріс көлбеулі болып келеді. Ал жердің ұсынысы шектеулі және өте икемсіз болғандықтан, оның қисығы тік сызық түрінде болады. Жер рентасын тудыратын материалдық шарттар ауыл шаруашылығы өндірісінің басты құралы ретіндегі жердің ерекше сапасына негізделеді. Егін шаруашылығының өндірістің барлық басқа салаларынан айырмашылығы осында, яғни жер кез - келген ауыл шаруашылық дақылдарының өсуі мен пісіп-жетілу кезеңдерінде өндірістің белсенді құралы функциясын атқарады. Шамасы мен сапасы бойынша бірдей жер көлемінің бірлігіне шаққандағы жанды еңбек шығындары мен өндіріс құралдары әртүрлі өнім береді, демек біртекті емес өнім бірлігінің құнын қалыптастырады. Топырақ құнарлылығы басқа да табиғи жағдайлармен өзара қарым-қатынаста бола отырып, егін шаруашылығында еңбек өнімділігіне және өндірілген өнімнің индивидуалды құнының шамасына әсер ететін жердің ерекше өндіргіш күшін құрады. Бұл жерде жердің өзі жаңа құнды қалыптастырмайды, бірақ егін шаруашылығында еңбек өнімділігі арқылы оны қалыптастыруға қатынасады. Басқаша айтқанда жақсы жер мен басқа да табиғи жағдайлар өздігінен қосымша өнім мен табыстың көзі болмайды, бірақ олардың табиғи базисі-жоғары еңбек өнімділігі факторын құрайды.
Абсолюттік жер рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер рентасы алынады. Оларға:

  1. тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента;

  2. құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.

Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер — бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.
Жерді пайдалану экономикалық қатынастардың әр түрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес, яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер практикада қайда пайдаланса да, оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші рөл атқарады.
Нарықтық аграрлық экономиканың субъектісіне меншік иесінің екі типі жатады — толық меншік иесі және тұтыну меншік иесі. Жердің шектелуі және оны ұдайы өндірудің мүмкін еместігі, жер монополиясының екі түрлі болуын тудырады. Толық меншік иесі жерге өзінің жеке меншік монополиясын жүргізеді: кәсіпкерге оның капиталын өз жеріне әкеліп пайдалануға рұқсат ету-етпеуге ерікті болады. Аренда туралы келісім жасалған соң жерді нақты пайдаланушы белгіленеді. Оның (арендатордың) жердің осы учаскесінде шаруашылық жүргізуге монополиялық құқы болады. Жердің меншік иесі мемлекет болса, жеке иемдену болмайды және монополияның бір түрі орнайды: — жерге тұтыну жағынан жер иесі жүргізетін, жерге шаруашылық жүргізетін объект деп монополия орнайды.
Жерге монополия — нарық субъектісінің осы ресурсқа жарлық етуіне төтенше құқының болуы, иемденушіге үстем табыс әкеледі. Осы табыс жер рентасының экономикалық нысанын алады. Жеке меншік монополиясы абсолюттік жер рентасын тудырады, жерге шаруашылық монополиясы — дифференциялық жер рентасын тудырады. Осы күнгі батыс әдебиеті «экономикалық рента» терминін қолданады, рентаны түрлерге бөліп қарамайды, бірақ олардың пайда болуының екі себебін келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет