Жуглярдың циклдердің ұзақтығы 7 – 12 жыл, осы циклдің басқаша аттары бизнес-цикл, өнеркәсіптік цикл, орташа цикл. Бірінші өнеркәсіптік цикл 1825 жылы Англияда болды. Осы кезде машиналық өндіріс металлургияда, машина жасауда және басқа жетекші салаларда билік жүргізуге кіріскен болатын. 1847 – 1848 жылдардағы дағдарыс АҚШ—та басталған, соңынан бірнеше Еуропалық елдерге тараған. осы дағдарысты мән жағынан қарағанда өнеркәсіптік цикл деп атауға болады.
1946 ж. С. Кузнец «Ұлттық табыс» деген еңбегінде мынадай қорытындыға келді: ұлттық табыстың, тұтынушылық шығындардың, өндірістік жабдықтарға сол сияқты ғимараттарға, құрылыстарға жасалған жалпы инвестициялардың көрсеткіштері өзара байланысты жиырма жылдық ауытқулардың бар екенін айқындайды және құрылыста осы аутқулардың амплитудасысалыстырмалы ең үлкен болады. 1955 жылы Кузнецтің еңбегіне баға беріліп, Кондратьевтің «ұзын толқындарынан» өзгеше құрылыстық циклді Кунецтік цикл деп аталсын деген шешімге кабылданды.
Циклдық теорияны жасауда айрықша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1892-1938жж) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейіннен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде 1926-шы жылы 6 –шы ақпанда жасаған «Коньюктураның үлкен циклдары » баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді. Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-ші жылы шыққан кітапта баяндады. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса, бұдан басқада 48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады. Мәселен, Н.Д. Кондратьев мынандай үлкен циклдарды қарастырады. Ол (цикл) қоғамдық өндірісті технологиялық базасының радикалды өзгеруімен және оның құрылымдық қайта құрылуымен түсіндірілді. Осымен бірге өрлеудің жалпы көрінісі былай сипатталады: техникалық жаңартпалардың еңгізілуі инвестициялық процестің кеңеюімен қатар жүріп отырады, бұл өз кезегімен бағаның өсуіне ат салысатын, өндірісті және сұранысты ынталандырады. Осы кезеңде жұмыссыздық төмендейді, жалақы және еңбек өнімділігі өседі. Кондратьев ауыл шаруашылыққа ерекше назар аударған, себебі ол бұны ұзақ мерзімдік құлдыраудың басты себебі деп есептеді. Бірінші – үлкен циклдің өрлеуін Кондратьев Англиядағы өнеркәсіптік төнкеріспен байланыстырады, екіншіні – темір жол көлігінің дамуымен, үшіншіні – электр қуатының, телефонның радионың енгізілуімен, төртіншіні – автомобиль өндірісімен.
Экономикалық дағдарыстың мына төмендегідей түрлері болады:
Қаржы дағдарысы – мемлекеттік қаржының терең бұзылуы, бұл бюджеттің терең тапшылығы. Қаржы дағдарысының шегі ол мемлекеттің шетел займына төлем қабілеттілігінің болмауы.
Ақша-несие дағдарысы – ақша-несие жүйесінің бұзылуы. Коммерциялық және банк несиесінің күрт қысқаруы, салымдардың банктерден толық алынуы. Бұл кезде банктер жойылады, тұрғындар мен кәсіпкерлер нақты ақшаны іздейді, құнды қағаздардың курсы төмендеп, банк пайызының нормасы төмендейді.
Валюта дағдарысы – жеке елдер валютасының құнсыздануы, банктерде валюта резервтерінің зайып кетуі, валюта курсының төмендеп кетуі.
Биржалық дағдарыс – құнды қағаздар курсының күрт төмендеп кетуі, олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасы қызметінің қысқаруы.
Аграрлық дағдарыс - ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу көлемінің қысқаруы, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуі.
Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалары арасындағы қатынастардың бұзылуы.
Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының бір саласында болады. Бұл дағдарыс өндіріс құрылымының өзгеруімен, шаруашылық байланыстардың бұзылуымен сипатталады.
Аграрлық дағдарыстар ерекше қайшылықтардың дүмпуі,ол рентаға және ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен дәстрлі артта қалуында. Аграрлық дағдарыстардың ұзақтығы соншалық ол жалпы артық өндіру дағдарысы мен уақыты жағынан сәйкес келмейді және жалпы экономикалық дағдарыстардың басқа фазалармен жалғасады.
Аграрлық дағдарыстардың өзіндік кезеңдері болмайды. Мысалы, 19 ғасырдағы циклдық өнеркәсіп дағдарыстары 1900, 1907, 1929, 1937 жылдардағы дағдарыстар аграрлық дағдарыстардың бастапқы нүктесі бола алмады. Алайда циклдық өнеркәсіп дағдарыстары, әдетте, ауыл шаруашылығы өндірісінің едәуір бөлігін, әсіресе оның инфрақұрылымын, қызмет көрсету саласын қамтиды.
Біраз зерттеушілер бұрынғы кеңес экономисі Л.Мендельсон, экономикалық дағдарыстар циклдар теориясы мен тарихы бойынша іргелі еңбектердің авторы ауыл шаруашылығындағы артық өндіру дағдарысы екі түрде көрінеді деп есептейді: циклдық артық өндіру,ол тек ауыл шаруашылығында циклдық дағдарыстың жалпы әрекетін білдіреді, екінші ұзақ аграрлық дағдарыс. Сонымен қатар артық өндіруді Мендельсон екінші көрінісі түрі деп қарады. Ол өнеркәіптегі дағдарыстың әсерінен ауыл шаруашлығыныңылығы өнімдеріне деген сұраныс қысқарады. Ол мұның өзі ауыл шаруашылығы өндірісінің өнерпәсіптен артта қалуынан туады деп көрсетті.
Аграрлық дағдарыс шикізат пен азық түллікке өнеркәсіп сұранысы циклы қысымынан тумайды,сол ауыл шаруашылығының өзінде дамитын процестердің негізінде пайда болады.
Қазіргі ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік негізде өркендеуі мұндағы циклдық дағдарыстарды бір ізге салу, үйлестіруге мүмкіндік береді. Бірақ аграрлық дағдарыстардың осы күнгі шаруашылық өсуінің ерекше түрі ретіндегі себептері сақталады. Аграрлық дағдарыстар қазіргі жағдайларда көбіне рыноктық экономикасы нашар дамыған елдерде көрінеді. Алдыңғы қатардағы елдер ауыл шаруашылығында өнеркәсіп өндірісінің жаңа нәтижелерін кеңінен пайдаланып,осы арқылы өндіріс құрал-жабдықтарын жарақтандырудағы алшақтықты жоюға ықпал етеді. Ауыл шаруашылыгындағы аграрлық және циклдық артық өндіру дағдарысынан шығу үшін экономикалық жалпы заңдылықтарды жүзеге асыру керек.
Мемлекет экономиканы тұрақтандыру бағытында антициклдық саясат қабылдайды.