Ф-0Б-001/035 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


ІІ.Тарау. Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері, басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері



бет5/8
Дата06.12.2022
өлшемі133,5 Kb.
#55383
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -tarihty-oqytuda-angimeleu-zhane-beyneleu-tasilderi

ІІ.Тарау. Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері, басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері.
Әңгімелеу тәсілдері
Басты тарихи фактілерді оқып-үйренуде әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері жиі қолданылады. Сабаққа дайындық барысында мұғалім оқу материалын мазмұндаудың тәсілін айқындайды. Таңдау барысында мұғалімнің алға қойған міндеті, оқушылардың дайындығы мен құрамы ескеріледі. Сонымен бірге тәсіл таңдағанда деректердің мазмұны мен оқытудың көрнекі құралдары да ескерілуі тиіс. Саьақ барысында мазмұндаудың бірнеше әдістері мен тәсілдері қолданылуы мүмкін./10/
Сондай мазмұндау тәсілдерінің бірі - әңгімелеу. Тарихты оқытудағы әңгімелеу-тарихи оқиға туралы әңгіме немесе қысқа хабарлама. Әңгіме қойылатын талаптардың бірі-әрбір тарихи деректерге тән ерекшеліктер туралы ұғым қалыптастыруға көмектесетін уақыт, кеңістік және адамдардың тарихи сипаттамасының бейнеленуі. Мысалы, Атилла (Еділ) туралы әңгіме.
Сюжетпен баяндалған әңгіме-драматизммен ерекшеленетін белгілі бір тарихи сюжетке құрылған эмоциялықбаяндау. Онда басты тарихи деректермен көркем әңгімедегі сияқты бейнелі, қарқынды, қызықты етіп жаңғыртылады. Әңгіме негізіне оқиғаның сюжетті схемасы мен кейіпкерледің әрекеті арқылы дамитын шиеленісті ахуал алынады. Бұндай әдісті Спартак көтерілісі сияқты ірі тарихи оқиғаларды баяндағанда қолданған тиімді. Оған иарихи оқиғаның жарқын эпизодтары, бөлшектер, қатысушылардың мінездемелерін енгізу болады. Мұғалім әңгімелеу барысында оқиғалы картиналар, аппликаиялар, әскери қимылдардың сұлбасын қолданады. Сюжетті әңгіме шынайы болуы тиіс. Кей жағдайда оған ойдан шығарылған желілер қосылуы мүмкін. Мысалы, Марафон шайқасы туралы әңгімелегенде ойдан шығарылған жауынгер шынайы тарихи оқиғаға сәйкес әрекет етеді./11/
Сюжетті әңгімелеу толығымен ойдан шығарылуы мүмкін, ол жағдайда адамды ойдан шығаруды тұлғандыру (персонификация) деп айтамыз. Оның мәнісі-ойдан шығарылған тұлға, оның тағдыры, әрекеті, тұрмыс жағдайы еркін қиялмен баяндау. Бұл жағдай қоғамдық өмірдегі типтік құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.
Кейде сюжетті әңгімелеу б.д.д. V ғасырдағы Ежелгі Грециядағы құлдықтың қалыптасуы тұралы күрделі тарихи құбылыстарды түсіндіру тәсілі ретінде қолданылады. Мұғалім оны түсіндіру үшін оны тұлғаландыру әдісін қолданады. Бірнеше құл қалай құлдыққа түскендігін әңгімелейді. Бұл жағдайда оқушы әңгіменің сюжеті емес, құлдардың жағдайы мен олардың еңбегінің қандай мақсатта пайдаланғандығын есте сақтау тиіс. Осындай әңгімелеуден кейін мұғалімнің сұрақтары бойынша әңгіме өткізілді. Оқушы өз әңгімесін суреттермен, диафильмдермен толықтырады./12/
Сюжетті әңгімелеудің келесі нысаны-шиеленістіру. Бұл жерде әңгімелеу жанжалды жағдайды шешуге тырысқан екі тұлғаның диалогы түрінде өрбиді. Диалог барысында типтік барысында оқушылар бұндай диалогқа жиі тартылады.
Бейнелі әңгімелеу. Нақты фабулға негізднлген сюжетті әңгімелеуге қарағанда бейнелі әңгімелеудің мазмұнында теориялық мағлұматтар мол қамтылады және басты тарихи фактілер баыппен, шиеленіссіз баяндалады. Бұл тәсіл көбіне қоғамның экономикалық процестері мен құбылыстарын баяндауда қолданылады да оның барысында графикалық көрнекілік пайдаланылады./13/
Бейнелі әңгімелеуде педагогикалық суреттер, аппликациялар (“Ортағасырлық қалалардың пайда болуы”), оқуға тұрпатты картиналары (“Ортағасырлық қару жасаушының шеберханасында”) қолданылғанда оқушылардың оқу материалдарын игеруі оңайлана түседі.
Мазмұндық әңгімелеу және ақпараттық хабарламаны мұғалім сабақ барысында елеусіз фактілерді баяндағанда қолданады. Мазмұндық әңгімелеуді фактілер тізбегі кеңістік, уақыт және сандық сипатынсыз баяндалады. Деректердің бұлайша қысқа баяндалуы оқиға туралы тұтас түсінік қалыптастыру үшін негізгі фактілер арасында байланыс орнатуға қызмет етеді. Карта, сұлба, кескіндеме арқылы саяси өмір, әскери тарих, халықтық көтерілістердің оқиғалары мазмұндық әңгімеленеді. Төменгі сынып оқушыларына мазмұндық әңгімелеу қызығушылық тудырмайтын болғандықтан олардың таным қызметін арттыру үшін мұғалім хронологиялық кесте құрастыру, оқиғаның күнтізбесін жасау сияқты тапсырыс береді./14/
Ақпараттық хабарлама сабақтағы басты фактімен тығыз байланысты фактілер, даталар, есімдер мен географиялық орындарды түгелдеп шығуда қолданылады. Оны баяндау барысында оқушылар оқиғаның күнтізбесін жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет