Ф-0Б-001/035 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет6/8
Дата06.12.2022
өлшемі133,5 Kb.
#55383
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -tarihty-oqytuda-angimeleu-zhane-beyneleu-tasilderi

Бейнелеу тәсілдері
Картиналық бейнелеу. Бейнелеу маңызды белгілер, бөлшектер мен оқиғаның жай-күйінің мәнін ашуға көмектеседі. Онда нысан бар, бірақ сюжет жоқ. Бейнелеу немесе суреттеу картиналық және талдамалық болып бөлінеді. Картиналық бейнелеу деп материалды ауызша баяндау тәсілін айтамыз, осы тәсіл арқылы сөздің көмегімен көркем-эмоциялы түрде деректің бейнесі қалыптасады, яғни тұтас картина түрінде деректіңбейнесі жаңғыртылады. Бейнелеудің бұл түрі табиғаттың, адамдар тұрмысының, географиялық ортаның, сол сияқты мәдени, қоғамдық, шарувшылық өмірдің (мысалы, құлдардың еңбегін бейнелеу) типтік құбылыстарын жаңғыртудақолданылады. Бейнелеу тәсілі сабақта құжаттарды, тарихи-көркем, шығармаларды қолдануға мүкіндік береді./15/
Талдамалық бейнелеу картиналық біршама ерекше болады. Әңгімелеудің бұл тәсілі тұтас деректің құрамды бөліктері, олардың қолданылу мақсатын баяндайды. Бұл тәсіл еңбек құралын, қару-жарақ архитектуралық ескерткіш немесе мемлекет құрлысын сипаттағанда қолданылады. Әңгімелеу бормен салынған сурет, сұлба, сызба, макеттер мен үлгілерді көрсетумен ұштастырады.талдамалық бейнелеуге мынанадай мысал келтіруге болады.
“Компастың пйда болуы, оның авторы туралы нақты дерекжоқ. Теңізшілер ХІІІ ғасырдың басында-ақ магниттелген иненің көмегіне сүйенген. Инені қамысқа орналастырып, оны ыдыстағы суға жібергендеол қажетті бағытты көрсетіп тұрған осы ғасырдың екінші жартысында теңізші Флавио Джойа магниттелген инені арнайы құрылғыға орнатты, бұл компастың алғашқы түрі еді”./16/
Бейнелі сипаттама-бейнелеудің бүр түрі. Нақты кезеңдегі қоғамның типтік өкілдерінің сипаттамасын бейнелі деп атаймыз. Ол өкілдер: көпес, помещик, бай, сұлтан, жұмысшы. Мысалы, Сақ сарбаздарының сипаттамасы. Бейнелі сипаттама оқушыларға берілетін тапсырмаға ұштастырылады.
Тарихи тұлғаның сипаттамасы. Тарих сабағындағы бейнелі сипаттама қолданылады. Ол үшін мынандай арнайы жандаманы қолдануға болады.

  1. Тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суретте (реңі, өзін ұстауы, сөзі, киімі).

  2. Тұлғалық белгілеріне сипатта (ақыл, ой, мінез).

  3. Өмірінің ең жарқын фактілерін ата.

  4. Тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға бер.

Көрнекті тарихи тұлғалардың типтік ерекшеліктеріне сипаттама берілгенде көбіне құжаттық материалдар, портреттер,көркем әдебиеттер пайдаланылады.
Қайраткер тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттері оқушының есінде ұзақ уақыт сақталады. Мысалы, македон патшасы ІІІ Македон патшасы ІІІ Александр 33 жасқа жетпей қайтыс болды. 13 жыл патшалық құрған гиркандықтарды некеге тұруға, жер өңдеуге үйретті; арохилер мен соғдыларды ата-анасын қартайғанда өлтірмей, бағып-қағуға;пасыларды анасын құрметтеп, олармен некелеспеуге үйретті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет