Ф-0Б-001/035 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Тарихты оқыту әдістемесінің тарихнамасы



бет2/8
Дата06.12.2022
өлшемі133,5 Kb.
#55383
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -tarihty-oqytuda-angimeleu-zhane-beyneleu-tasilderi

Тарихты оқыту әдістемесінің тарихнамасы – тарих ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу болып табылады.
Сонымен, әдістеме бұл бұл әдістер жиынтығы, кешені. Әдістеме дегеніміз – ежелгі грек тілінен аударғанда – методика - «таным тәсілі», зерттеу жолы» деген ұғымдарды білдіреді. Ал, тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Әдістеме бұл оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
ХХғ. басындағы көрнекті әдіскер К.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.
Зерттеудің тарихнамасы:
Курстық жұмысты жазу барысында кітаптардан, бұқаралық ақпараттардан, журналдардан пайдаландым. Б.Адырбек, А.Көпекбайдың «Ежелгі Қазақстан тарихы» кітабынан, Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде», Жолдасбаевтың, Аманбосиновтың «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» мұғалімдерге арналған көмекші құрал Алматы 2002 жылы шыққан кітаптарының, Тұрлығұлов Т.Т. «Тарих сабағын оқыту әдістемесі» Алматы 2004 жылы шаққан кітаптарынан тарих пэнінің мүғалімі қандай болуы керек жэне оған қойлатын талаптар, тарихты оқытудың мақсаты, міндеттері, мектепте Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері бойынша мэліметтерді алдым.
Осылайша әдістеме пәніпедагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал, әдістеменің нысаны – оқыту әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Ғылыми зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабақ) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі «экспериментум» сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда болады.
Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары, логика секілді ғылым салаларымен де тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, себебі әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғыртып пайдаланады.
Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастырак алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.
Өмірде нашар мұғалімдерді жиі кездестіреміз, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан да пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет