Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет39/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92
Лабораториялық әдіс. Бұл әдіс кәсіби жұмыс жасауда білік және дағдыны игерту, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру.
Проблемалы лабораториялық (зертеу) әдіс. Зерттеу гипотезасы ұсынылады. Оқушылар қажетті приборлар мен материалдарды өздері таңдап алады. Лабораториялық әдіс арнайы құралдарды талап етеді, сонымен қатар мұғалім мен оқушының дайындықта болғанын қажет етеді. Оны қолдануда уақыт пен педагогикалық күш – қуатты көп қажет етпейді.Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі – дидактикалық жүйелердің бірізділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компъютерлік). Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық;
1. Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:
- уақытты үнемдейді;
- мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;
- күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
- оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:
- оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,
- шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі,
- дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.
2. Бағдарламалы (компъютерлік) оқыту
Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетикада ұштастырып пайдаланылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы дажауап береді.
Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.
Бағдарламалап оқытудың уш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа сай өз жолымен келеді Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.
Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компъютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.
Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм – дұрыс жауапқп жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім мен біліктерді толық меңгеру үшінға оқу әрекетінің құрамы мен оындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын-ала оқу барысын басқару үшін алгоритм жасалынады. Алгоритм сапасы компъютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.
Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:
- оқу материалының бөлшектенілуі,
- оқушының белсенді өзіндік жұмысы,
- нақты тексеру,
- оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,
- техникалық оқыту құралдарын пайдалану.
Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:
- бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,
- мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.
Тақырыбы:  Кәсіптік білім беру деңгейлеріне сәйкес оқыту әдістері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет