Практикалық біліктілік – еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделегн жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді.
Кәсіби дағды – кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады.
Лекция 12. Тақырыбы: Кәсіптік білім берудегі лабараториялық – практикалық әдістердің тиімділігі Кәсіптік білім беруде лабараториялық – практикалық жаттығулар еңбек құралдарын игеру дағдыларына, лабораториялық (приборлар, өлшеу аппаратурасы), конструкторлық – техникалық білігін дамытуға бағытталған.
Өндірістік – еңбек жаттығулары, ол оқыту немесе өндірістік ерекшеліктегі жүйеде арнайы дайындалған еңбек іс - әрекеті. Олар жәй және күрделі болып бөлінеді. Жәй жаттығулар олар жеке еңбек тәсілдерін орындау, ал күрделі жаттығуда өндірістік істерін немесе олардың бөліктері (станокты қосу, детальдарды) жасауда қолданылады.
Практикалық әдіс. Практикалық әдіс оқушылардың тапсырманы жауапкершілікпен орындауына, экономикалық ойлауға, шаруаға бейімделуге әсер етеді. Оқушыларды еңбекке баулу процесін жеделдетеді, жан–жақты ойлау дағдылары қалыптастырылады. Орындалатын жұмыстың мақсатын, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың жоспары және кестесін құру, материалдар мен инструментерді дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қортындыны талдау.
Оқушылардың танымдық іс әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі, бұл әдіс бес этапқа бөлінеді:
мұғалімнің түсіндіруі жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;
көрсету ( инструктаж );
жұмысты жасап көру
жұмысты әркімнің өзі орындауы;
бақылау оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады.
Орындалу сапасы ескертіледі, уақытты, материалдарды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы.