Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет2/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Пәнді оқып үйренудің мақсаты: кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім алушыларды кәсіби даярлығының мазмұны мен мәні, кәсіптік білім беру теориясының дамуындағы негізгі жолдарымен, кәсіптік педагогиканың негізгі категорияларымен таныстыру;
Пәнді оқып үйренудің міндеттері : Болашақ еңбек технологиясы және кәсіпке баулу мұғалімдерін оқушыларды еңбек пен кәсіпке дайындау бойынша оқыту мен тәрбиелеуді тиімді ұйымдастыруға қажетті теориялық негіздерімен және практикалық ептілітермен қаруландыру.
«Кәсіби педагогика» курсын зерделеу нәтижесінде студенттер:

  • еңбекке және кәсіпке баулудың ролін жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың құрамдас бөлігі ретінде;

  • еңбек технологиясы және мектеп оқушыларын кәсіпке даярлау дидактикасының теориялық негіздерін;

  • мектеп оқушыларын еңбекке және кәсіпке дайындаудағы политехникалық білім берудің теориясы мен практикасын;

  • кәсіптік білім берудегі инновациялық технологияларды;

  • жастарды еңбекке тәрбиелеудің маңызы мен мәнін;

  • қоғамға пайдалы, өнімді еңбекті ұйымдастырудың сипатын, мазмұнын, оның дидактикалық және тәрбиелік мүмкіндіктерін;

  • техникалық шығармашылық және ауыл шаруашылық тәжрибе жұмыстары бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерін;

  • жастарды кәсіпке дайындаудың материалдық базасын даярлаудың және пайдаланудың педагогикалық негіздерін игеру.

«Кәсіби педагогика» интегративті курс ретінде жастарды кәсіби еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін, кәсіптік бағдар беру, қоғамға пайдалы, өнімді еңбектің, техникалық шығармашылық және ауыл шаруашылық тәжрибе жұмыстарын, сондай – ақ ғылым негіздерін зердеуледе оқушыларға политехникалық білім беру мазмұндарын біріктерді.
Лекция және практикалық сабақтар барысында психология мен педагогика ғылымдарының заңдылықтары туралы тұжырымдық қағидаларын ҚР үкіметінің, Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулары және нормативтік құжаттары басшылыққа алынуы тиіс. Кәсіби еңбек технологиясына баулу мен тәрбиелеу, кәсіпке дайындау мәселелері бойынша жекелеген мұғалімдердің озық қызмет тәжрибелері талдап қорытындалған материалдар пайдаланылалы. Лекцияны оқу, практикалық жұмыстарды және ойын әрекеттерін жүргізу дидактикалық құралдаарды кешенді пайдаланумен алып барылады.
Жалпы және кәсіптік білім беретін мектептердегі педагогикалық процестерді; маңызын, құрамын, қрылымын, қозғаушы күштерді, дамытудың негізгі бағыттарын;

  • педагогикалық процестің мақсатын, қағидаларын және ұйымдастыру мен жүзеге аырудың формаларын;

  • еңбек технологиясына және кәсіпке баулудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын;

  • оқыту процесін педагогикалық жобалау негіздерін;

  • жалпы білім беретін және кәсіптік – техникалық мектеп жағдайларында тәрбиелеу мен білім берудің өзекті мәселелерін;

  • педагог қызметінің жеке дара стилін;

  • кәсіби білім беру педагогының кәсіби қалыптасуының педагогикалық негізін игеру қажет.

Кәсіби педагогика пәнін меңгеру барысы «Жалпы педагогика», «Кәсіби психология», «ЖТП және арнайы пәндерді оқыту әдісемесі», «ТЖО және жаңа технологияларды оқыту», «Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджмент» және т.б. пәндерге негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет