2. Оқытудағы ақпараттық және коммуникативтік технологиялар. Оқыту процесін компьютерлендіру
Білім беру үрдісінде компьютермен енгізілген нақты жаңалық, - ол оқытудың белсенділік-әрекеттестік формасын дамытуға мүмкіндік беретін – интерактивтілік болады. Ақпараттық технология дегенде нені түсінеміз? Әр түрлі техникалық және бағдарламалық құралдар мен әдістер жиынтығын қолдану арқылы ақпараттарды өңдеу, сақтау және беру үрдісі ақпараттық технология деп аталады. Ақпараттық технология құралдары бағдарламалық және есептеу жүйесінің аппараттық құралдары мен жабдықтары деп түсіндіріледі; жаңа құралдар және ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, беру. Жаңа педагогикалық технологияларды жасау мен енгізуде нормативтік-әдістемелік құжаттар жиынтығында көрсетілген талаптарға негізделуі қажет, олар білім беру стандарттары, біліктілік сипаттамасы және маман төлқұжаты, типтік оқу жоспарлары, сондай-ақ белгілі бір маманның кәсіби қызметіндегі білім, біліктілік және дағдылар жиынтығының мемлекеттік және қоғамдық қажеттілігі.
Пәндерді оқытуда қазіргі мультимедиа мен интерактивтік технологияларды қолдану арнаулы бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіншіліктерін көрнекі демонстрациялауға, сонымен қатар видеосабақтардың көмегімен(мультимедиалық презентациялар) оқытудың тиімділігі мен мотивациясын көтеруге мүмкіндік береді. Мультимедия — (ағылшынша. multum — көп + medium — орталық, орталық нүктесі) сурет, дыбыс,мәтін және қосымша интерактивтік режімде басқа да жүйелермен жұмыс істеу қабілеті, кеңейтілген қызметі бар компьютерлікжүйе.Мультимедиялық технология бір уақытта тақырыпты көру және есту арқылы қабылдауға, қайталау анализін талдауды қажет ететін бөлімдерге қайта келу, оны басқаруда белсенділік қабілетін білдіреді. Оқу ақпараттарын беруге, әр түрлі нақты құралдарды қолдану, оның интерактивтілігімен сәйкестігі, мультимедиа оқытудың сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз етеді.
Электронды оқулық — бұл компьютер арқылы оқу курстары немесе оның үлкен бөлімін өз бетінше (немесе оқытушының қатысуымен)меңгеру мүмкіншілігін қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік жиынтық. Электронды оқулық (немесе курс) әдетте үш компоненттен тұрады: курстың негізгі ақпараттық бөлімін айқындайтын презентациялыққұрамы; алынған білімді бекітуге мүмкіндік беретін жаттығулар; білім алушылардың білімін объективті бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін тест.
Электронды оқулықтың дәстүрлі оқытудан артықшылығы:
− интерактивті, яғни кері байланысты қамтамасыз етеді;
−нәтижені жоғарылатуға ақпараттарды жылдам іздеу құралдарымен қамтамасыз етеді;
− гипермәтінді түсініктемелерге бірнеше рет қайталауда уақытты үнемдейді;
− экранда тек шығарумен қатар түсіндіреді, көрсетеді және модельдейді т.б. осында мультимедиялық технологиялардың мүмкіншіліктері мен артықшылықтары анықталады (көрнекілік және қол жетерлік принципі);
− белгілі бір бөлім бойынша білімді жылдам тексеруге мүмкіндік береді;
− қажетті оқу ақпараттарын үнемі жаңартып тұру мүмкіншілігі болады;
Сонымен, ақпараттық технологияларды оқытуда интерактивтік әдістерін қолдану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше оқуға қабілеттілігін дамыту, ұжымдағы жұмыс дағдысын машықтандыруға, коммуникативтік дағдыларды дамытады және қалыптастырады, ең бастысы оқу мотивациясын жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |