Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік. Оқыту формаларының жіктелуі



бет22/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік. Оқыту формаларының жіктелуі

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары дегеніміз сабақтағы білім алушы мен оқытушы арасындағы байланыс сипаты, сабақтағы білім алушыларды топтастыру және оладың әрекетінің сипаты, оларды жүргізудің орны мен режимі.


Оқыту формаларын сипаттайтын негізгі белгілері болып табылатындар:
- сабақтың дидактикалық мақсаты;
- уақыт-кеңістігін анықтау (сабақ режимі, өткізу орны, білім алушылар мен оқушылардың құрамы);
- сабақ құрылымы, яғни жұмыс кезеңдерінің бірізділігі;
- білім алушылардың дербестігі.
Кәсіптік оқу мекемелерінде мынадай оқыту формалары қабылданған:
1) теориялық оқыту: әр типті сабақтар, дәрістер, зертханалық-практикалық сабақта, теориялық және практикалық семинарлар, экскурсиялар, оқу конференциялары, білім алушыларға үй жұмыстары;
2) өндірістік оқыту: оқу орындарының оқу шеберханаларында және оқу учаскелеріндегі сабағы (оқу цехтары), қызмет көрсету саласында және мекемелердегі өндірістік цехтардағы сабақтар, қызмет көрсету саласында және мекемелердегі өндірістік цехтардағы өндірістік практика, дипломалдық және бітіру алдындағы практика;
3) қосымша жұмыстар және сыныптан тыс жұмыс: фа­культативтіксабақтар, кеңес беру, үлгерімі төмендермен қосымша сабақтар, үйірмелік сабақтар;
4) білім алушылардың білім, біліктілік және дағдысын тексеру:кол­локвиумдар, сынақтар, тест жүргізу, емтихандар, қорытынды конференциялар, сыналатын біліктілік жұмысын орындау.


Оқытуды ұйымдастыруда сынып-сағат жүйесін дамыту

Бастауыш кәсіптік оқыту оқу мекемелерінде оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болып табылады. Сабақтың мәні мен орындалуы біртұтас динамикалық жүйе ретінде педагог пен білім алушының өзара іс-әрекеті білім алушылардың білім, біліктілік және дағдыны меңгеруде, олардың қабілеттіліктерін, іс-әрекет пен қарым-қатынас тәжірибесін дамыту мақсаты болып табылады.


Сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі – көбінесе сабақтың негізгі жиынтықтары мен дидактикалық дәйектелген өзара байланысы, олардың мақсатқа сәйкес реттілігі мен өзара әрекеттестігі деп түсіндірілетін оның құрылымымен анықталады.Дәстүрлі оқыту құрылымы төрт негізгі құрамды бөліктерден тұрады: сұрақ, түсіндіру, бекіту және үй жұмысы. Мұндай сабақ білімді қалыптастырады, бірақ білім алушылардың жалпы дамуына мүмкіндік туғызбайды, өйткені дәстүрлі оқытудың қарапайым құралдары олардың оқу әрекетіне дербестігін көрсетпейді. Сондықтан дәстүрлі сабақ педагог үшін іс-әрекетке басшылық ретінде қызмет етпейді.
Теориялық оқыту сабағының құрылымы – сабақтың негізгі жиынтықтары мен дидактикалық дәйектелген ішкі өзара байланысы, олардың мақсатқа сәйкес реттілігі мен өзара әрекеттестігі.Дидактикалық құрылымдар мен үш бөліктерімен ерекшеленеді: логикалық-психологиялық, мотивациялықжәне әдістемелік . Дидактикалық құрылым үш кезеңдерден тұрады: сүйемелді білім мен іс-әрекет амалдарын өзектілендіру; жаңа түсініктер мен іс-әрекет амалдарын қалыптастыру; білімді қолдану, әр сабақта шешілетін үш дәйектелген дидактикалық міндеттер ретінде шығатын дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру; Дидактикалық құрылым ең алдымен оқытушы іс-әрекетін реттеуші болып табылады.
Білім алушылардың оқу іс-әрекеті білім алушылардың ізденіс әрекетіндегі дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін сабақтың логикалық-психологиялық құрылымын реттейді. Сабақтың логикалық-психологиялыққұрылымына: проблемалық жағдаяттар мен проблемалар шарттарын құру; тұжырымдар шығару, болжам және олардың негіздемесі; гипотезаларды дәлелдеу; проблеманы шешудің дұрыстығын тексеру; қорытындыны тұжырымдау; бөтен жағдайларда білімді қолдану.
Оқытушы білім алушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескеру үшін сабақтың мынадай мотивациялық құрылымына сәйкес өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру қажет: білім алушылардың зейінін ұйымдастыру және басқару; іс-әрекеттегі ойын баяндау; мотивациялық жағдайын өзектілендіру; білім алушылармен сабақ мақсатын бірігіп орнатуы; мақсатқа табысты жету жағдаятын қамтамасыз ету; білім алушылардың өз әрекетіндегі жағымды эмоциялар мен сенімділік жағдайын қолдау; әрекетті бағалау, оқыту үрдістері мен нәтижелері.
Жоғарыда аталған сабақ құрылымдары үлкен вариативтілікпен сипатталатын оқытушының практикалық іс-әрекетінде әдістемелік құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Ондағы элементтер саны және оның бірізділігі педагог сабағының жалпы дидактикалық құрылымы мен оқушылардың оқыту, тәрбиелеу және даму мақсаттарымен анықталады. Мысалы, ол бір сабақта мәселенің дұрыс қойылуы, білім алушылардың сүйемелі білімі, оқытушының әңгімесі, үлгі бойынша міндеттерді шешу қайта өндіруін; іздену сипатындағы өзіндік жұмысты орындау, әңгімеге негізделген сұрақтардың қойылуын қарастырады.
Арнайы және жалпытехникалық пәндерге сәйкес төмендегідей сабақтың әдістемелік құрылымының типтік элементтерінен құрылады:ұйымдастырушылық бөлімі;
– оқу материалын оқытуға білім алушыларды дайындау: сабақта тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсатын белгілеу; алдын-ала меңгерілген білім, біліктілікті өзектілендіру;
– білім алушылардың танымдық әрекетін мотивациялап және оларды ынталандыру ;
– оқытушы оқу материалын хабарлау: түсіндіру, эвристикалық әңгімелесу, танымдық оқу құралдары мен техникалық оқыту құралдарын қолдану, демонстрациялық эксперимент және т.б.;
– білім алушылар жаңа білімді өз бетінше меңгеру: оқулықтармен жұмыс, эвристикалық әңгімелесу, видео- кинофильмдерді көру,танымдық оқу құралдары мен техникалық оқыту құралдарымен жұмыс, өндірістік құжаттармен, нұсқаулармен жұмыс және т.б.;
– тақырыпты бекіту және ағымдағы қайталау: сұрақ, карточкалар-тапсырмалармен жұмыс, толық әңгімелсеу, ағымдық жазбаша жұмыс және т.б.;
– бекітуге арналған жаттығулар мен өзіндік жұмыс және білім мен біліктілікті жүзеге асыру: тапсырмаларды орындау, карточкалар-тапсырмалармен жұмыс, сұлбаларды жасау, тренажерлермен жұмыс, компьютерді қолдану және басқа да бағдарламалы құрылғылармен жұмыс.;
– талдап қорытылап қайталау: дәріске шолу, әңгімелесу, жазбаша жұмыстарды орындау және іріктеу, карточкалар-тапсырмалармен жұмыс, кино- және видеофильмдерді көрсетужәне т.б.;
– білім алушылардың білімі мен біліктілігін бақылау және бағалау: сауалнама, тапсырмаларды орындау, бақылау жұмыстарын орындау, карточкалар-тапсырмалармен жұмыс, сынақ және т.б.; – үй тапсырмаларын беру.
Сонымен, сабақ – оқытушылар мен білім алушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің көпвариантты ұйымдастыру іс-әрекеті және қарым-қатынасы, білім беру, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ұжымдық және дербес шешуге арналған белгілі бір кезеңде оқу-тәрбиелік үрдісте жүйелі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет