Тапсырмалар
1. Нақты x, y, z сандары және бүтін k, m сандары берілген.
2 m k< , 2 m k= , 2 m k> болған жағдайдағы мәндерін, сәйкесінше x, y, z мәндерінің модулімен алмастырыңдар және соңғы екі мәнін 0.5-ке кемітіңдер.
2. n натурал саны берілген ) 100 ( ≤ n .
а) n санында қанша цифр бар?
б) сол цифрларының қосындысы неге тең?
в) n санының соңғы цифры неге тең?
г) n санының алғашқы цифры неге тең?
д) егер 10 ≥ n болса, онда соңғы цифрының алдындағы цифрды табу керек.
3. n натурал саны берілген ) 9999 ( ≤ n .
а) бұл сан полидром болып келеді ме? Мысалға 4 орынды сан болатын болса, 2222, 6116, 0440 және т.б.
б) осы сан құрамында бірдей 3 цифр кездеседі ме? Мысалға 6676, 4544, 0006 және т.б.
в) осы санның цифрлары барлығы әр түрлі ме?
4. Сағат тілі, центрімен 12 сағат көрсететін нүкте арқылы өтетін түзумен ϕ бұрыш құрайды, π ϕ 2 0 ≤ < . Минут тілшесіне сәйкес бұрышты, сағаттар санын және минут шамасын табыңыз.
5. Бүтін m, n сандары берілген , 12 0 ( ≤ а) бір орынға келгенде;
б) бір-бірімен перпендикуляр орналасқандағы ең аз уақытты табыңыздар.
6. Нақты а саны берілген. Егер − f 1,5 қадаммен өзгеретін, [0, 1.5] аралығында жатқан функция болса:
7. Нақты а саны берілген. Егер − f 2 қадаммен өзгеретін, [-1, 1] аралығында жатқан
функция болса:
а) 12 + −x ;
б) 5 суретте көрсетілген график бойынша, ) (a f функциясын есептеңіздер.
8. Бүтін k, l сандары берілген. Егер сандар өзара тең болмаса, екеуін, осы сандардың ішіндегі үлкен мәнді санмен алмастырыңыздар, ал егер екі сан өзара тең болса, екеуінде 0 санымен алмастырыңыздар.
Таңдау операторына (switch) есептер
1. 1 мен 7 аралығындағы кез келген бүтін сан берілген. Сол санға сәйкес апта күнінің аттарын ағылшынша және қазақша жазып шығаратын программа құру керек. (1 –«Дүйсенбі – Monday», 2 – «Cейсенбі … » және т.с.с.). Апта күндерінің нөмірлеріне сәйкес келмейтін сандар енгізілсе, «Қате» деп мәлімет шығару керек.
2. 1 мен 5 аралығындағы бүтін сан берілген. Осы санға сәйкес бағаның сипаттамасын шығарыңыз (1 – «нашар», 2 – «қанағаттанарлықсыз», 3 – «қанағаттанарлық», 4 –«жақсы», 5 – «өте жақсы»). Егер бүтін сан 1–5 аралығында жатпаса, экранға «Қате» деген мәлімет шығарыңыз.
3. Айлардың реттік нөмірін (1-12) енгізіп, соған сәйкес ай аттарын қазақша (орысша) жазып шығаратын программа құру керек.
4. Айдың реттік нөмірі 1–12 арасындағы бүтін сан арқылы берілген (1 – қаңтар, 2 – ақпан және т.с.с.). Соларға сәйкес жыл мезгілдерінің атын шығарыңыз («қыс», «көктем», «жаз», «күз»).
5. Айдың реттік нөмірі 1–12 арасындағы бүтін сан арқылы берілген (1 – қаңтар, 2 – ақпан және т.с.с.). Сол айларға сәйкес айдағы күндер санын анықтаңыз.
6. Уақытты (тек сағатты) енгізіп, сол уақытқа сәйкес: "Қайырлы таң", "Қайырлы күн", "Кеш жарық", "Ұйқың тәтті болсын!" деген мәліметтер шығарыңдар.
7. Арифметикалық амалдар келесі ретте нөмірленген: 1 – қосу, 2 – азайту, 3 – көбейту, 4 –бөлу. Амал нөмірі – N (1–4 аралығындағы бүтін сан) және нақты A мен B (В ≠ 0) сандары берілген. Осы сандармен нөмірге сәйкес амалды орындап, нәтижесін шығарыңыз.
8. Ұзындық өлшем бірліктері келесі ретте нөмірленген: 1 – миллиметр, 2 – сантиметр, 3 –дециметр, 4 – метр, 5 – километр. Ұзындық бірлігі (1–5 аралығындағы бүтін сан) мен сол бірлікте берілген кесіндінің ұзындығын енгізіп, нәтижесін метрмен жазып шығыңыз.
9. Салмақ өлшем бірліктері келесі ретте нөмірленген: 1 – миллиграмм, 2 – грамм, 3 – кило-грамм, 4 – центнер, 5 – тонна. Салмақ бірлігі (1–5 аралығындағы бүтін сан) мен сол бірлікте берілген дененің салмағын енгізіп, нәтижесін килограммен жазып шығыңыз.
10. Отыратын орындықтарының санын программаға енгізіп, соған сәйкес көлік атын көрсе-тіңіз, мысалы: "велосипед", "мотоцикл", "жеңіл автомобиль", "микроавтобус", "автобус" (басқа да варианттары болуы мүмкін).
11. Кәбисә емес (невисокосный) жылдың датасын анықтайтын екі сан: D (күн) и M (ай) бе-рілген. Осы датаға сәйкес соның алдындағы D мен M –ді шығарыңыз.
12. Кәбисә емес жылдың датасын анықтайтын екі сан: D (күн) и M (ай) берілген. Осы датаға сәйкес сонан кейінгі D мен M –ді шығарыңыз.
№ 4 өзіндік жұмыс. Циклдік алгоритмдер
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар
Циклдік алгоритмдер. Математикада, экономикада көптеген есептерді шығару кезеңінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалының өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келетін сәттер де жиі кездеседі. Осындай қайталап орындалатын есептеу процесінің белгілі бір бөліктерін цикл деп атайды. Осы бірнеше рет қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Циклдік алгоритмдерді пайдалану оларды кейіннен программаларда цикл операторы түрінде қысқартып жазу мүмкіндігін береді. Циклдер қайталану санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты екі топқа бөлінеді. Қайталану сандары алдын ала белгілі болып келген циклдер тобы арифметикалық цикл болып есептеледі, ал орындалу саны белгісіз циклдер – қадамдық (итерация) цикл болып аталады.
Практикада белгілі бір айнымалының сандық мәніне байланысты орындалатын арифметикалық циклдер жиі кездеседі. Мұнда арифметикалық прогрессияға ұқсас болып келетін циклдер ең қарапайым арифметикалық цикл болып табылады. Оны басқару қайта-лану кезеңінде прогрессияның заңына сәйкес тұрақты шамаға өзгеріп отыратын цикл пара-метрінің сандық мәнімен байланысты болуы тиіс.
Цикл орындалуы алдында оның айнымалы аргументі – параметрі алғашқы мәнге ие болуы керек, сонан кейін қайталану кезеңінде цикл параметрі белгілі бір шамаға (қадамға) өзгере отырып, ол алдын ала берілген ең соңғы мәнге дейін жетуі қажет. Алгоритмнің орындалу барысында цикл параметрі, мысалы, х өзінің ең алғашқы х0 мәнінен ең соңғы хk мәніне дейін тұрақты шамаға (dx) өзгеріп отырады. Осының нәтижесінде х мынадай мәндерді қабылдайды.
Цикл басы блогы алтыбұрыш тәрізді геометриялық фигурадан тұрады және оның міндетті түрде екі кіру және екі шығу сызығы болуға тиіс. Осы блокты пайдалану арқылы жоғарыда келтірілген алгоритм 1.6-суретте көрсетілген түрде кескінделеді. Параметрдің алғашқы х мәні оның соңғы х мәнінен кем болса, онда оның қадамы dx оң сан болады.
Керісінше, параметрдің алғашқы мәні оның соңғы мәнінен артық болса, онда қадам теріс сан болады. Қадамдық циклдер. Циклді орындаудың алдында, оның қайталану саны белгісіз болған жағдайда қадамдық циклдер пайдаланылады. Мұнда циклді жазу үшін тек қана "шартты тексеру" блогын қолдану қажет, ол циклді аяқтау үшін белгілі бір шартты тексереді. Қадамдық циклдердің схемасын сызғанда модификаторды (алтыбұрышты) қолдана алмаймыз, себебі алдын ала циклдің неше рет қайталанатыны бізге белгісіз.
Достарыңызбен бөлісу: |