Ф 11-19 Бейсенова Гульбахрам Исмаиловна 7М1530 Информатика мамандығының магистранттарына арналған «жоо-да информатика педагогының әдістемелік дайындығы»



бет8/11
Дата13.01.2023
өлшемі221,95 Kb.
#61243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тапсырмалар
1. Файлдан сандар оқып, солардың ішіндегі теріс сандар қанша екенін анықтайтын программа құру керек.
2. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі 6 символдан артық сөздерді экранға шығарып, басқа файлға жазып шығыңдар.
3. Файлдан сандар оқып, солардың арифметикалық ортасын файл соңына қосып жазу керек.
4. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың керісінше жазылған нұсқасын басқа бір файлға жазып шығыңдар.
5. Файлдан сандар оқып, солардың максимумын анықтайтын программа құру керек.
6. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі бос орын орнына сызықша жазып оны басқа бір файлға жазып шығу керек.
7. Файлдан сандар оқып, солардың минимумын анықтайтын программа құру керек.
8. Бір файлда екі сөйлем жазылған, соның екінші сөйлемін басқа файлға жазып шығу керек.
9. Файлдан сандар оқып, солардың көбейтіндісін анықтайтын программа құру керек.
10. Сөз тіркесінен тұратын файлдағы бас әріптерді кіші әріптерге айналдырып, басқа файлға жазып шығу керек.
11. Файлдан сандар оқып, солардың нешеуі 5-тен артық екенін анықтау керек
12. Сөз тіркесінен тұратын екі файл берілген. Осы екі файлдағы сөз тіркестерін біріктіріп, үшінші файлға жазып шығыңдар.
13. Файлдан сандар оқып, солардың қосындысын анықтау керек
14. Сөз тіркесінен тұратын екі файл берілген. Осы екі файлдағы сөз тіркестерінің орнын ауыстырып жазып шығу керек.
15. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі ең ендісін анықтап, соның неше символдан тұратынын анықтау қажет.
13-14 өзіндік жұмыстар. Графикалық режимде жұмыс істеу

Жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Графикалық режимдегі жұмыстарды атқаратын ТурбоС нұсқасында бірсыпыра
графикалық функциялар бар, солардың негізгілеріне тоқталып өтеміз.
Графикалық режим орнату, одан шығу, мәтін жазу, сызық салу функциялары
Графикалық режим драйверін іске қосу функциясы
initgraph(&Driver,&Mode,Path);
Driver параметрі бейнелік жүйе драйверін анықтайды, Mode параметрі – бейнелік жүйе жұмыс режимін береді, ал Path параметрі – драйвер файлының орнын көрсетеді. Көбінесе Driver параметрі мәні ретінде detect болатын бүтін константа қолданылады. Мұндайда initgraph функциясының өзі графикалық драйвер типін анықтап, ең дұрыс режимді таңдап алады. Тақырыптық файлы:
Драйвер дұрыс оқылған соң, initgraph( ) функциясы 4К көлемінде (келісім бойынша) ішкі графикалық буфер ұйымдастырады да, экран түсі, сызықтар түсі анықталып, дисплей адаптері графикалық режимге кіреді. Экран тазаланып, курсор сол жақ жоғарғы бұрышқа орнатылады.
Егер BGI-файлдар ағымдағы бумада болса, initgraph() функциясының үшінші параметрі ретінде бос орын мәнін беруге болады
initgraph(&Driver,&Mode," ");
Графикалық режимнен шығу және оған бөлініп берілген жады бөлігін босату үшін, яғни бейнеадаптер буферін тазартып, бұған дейінгі мәтіндік режимді қалпына келтіру мақсатында мына функция қолданылады
closegraph();
Графикалық режимде сызық түстерін, тұйық сызықтар ішін түрлі түске бояуға болады. Ол үшін мәтіндік режимдегідей түстер кодтары және олардың ағылшынша атаулары қолданылады. Сызықтар түсін тағайындау функциясы
setcolor(col);
мұндағы сol – түс атауы немесе түс коды. Сызық және мәтіндер түсі осы функциямен беріледі. Ал сызық типі setlinestyle() функциясы арқылы тағайындалады.
Түстер бүтін сан түріндегі кодпен немесе константа түрінде бас әріппен жазылатын ағылшынша түс атауларымен беріледі.
Мысалы: setcolor(YELLOW); setcolor(3); setcolor(5);
Экранның фоны түсін өзгерту функциясы
setbkcolor (түсі);
Мысалы: setbkcolor(BLUE); setbkcolor(14);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет